Интернет-алаяқтықпен айналысқан Тараз тұрғынды ұсталды
Тараз қаласының полициясына алаяқтық дерегі туралы облыстың бірнеше тұрғыны шағымданған. Жәбірленушілердің айтуынша, 2020-2021 жылдар аралығында ер адам онлайн хабарландыру платформасы арқылы кірпіш зауытының иесі болып, сенімге кіріп, кірпіш жасауға тапсырыс алып, ал ақша алғаннан кейін байланысқа шықпаған.
Зардап шеккендер алаяққа 400 000-нан астам кірпішке тапсырыс берген. Келтірілген материалдық залалдың көлемі шамамен 9 400 000 теңгені құрады.
Тараз қаласының Полиция басқармасы 1-ші полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында облыс орталығының 64 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.
Ұсталған азамат кінәсін толық мойындады. Күдікті барлық алған ақшасын жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.
Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Осы баптың санкциясымен мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
[xfvalue_img]