Астаналық тәртіп сақшылары масаң күйде көлік тізгіндеген жүргізушілерді анықтады
Жол-көлік оқиғаларын азайту және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында елордалық полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзудың жолын кесу, көлікті мас күйінде басқаратын жүргізушілерді анықтау жұмыстарын күшейтті.
«Мас жүргізуші - қылмыскер!» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілуде.
Атап айтқанда кешкі сағат 20:10 шамасында Астана қаласы ПД-нің патрульдік полициясының инспекторлары 36 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Тойота Камри-» көлігін тоқтатқан. Оның құжаттарын тексеру кезінде жүргізушіден алкогольдің өткір иісі шыққанын байқаған. Медициналық куәландыру қорытындысы бойынша оның жеңіл дәрежедегі алкогольдік ішімдік ішкені анықталынып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.
Сондай-ақ ағымдағы жылдың 7 тамызында. рейд барысында Қараменді би көшесінде 35 жастағы жүргізуші басқарған «ВАЗ 2110» автокөлігі тоқтатылған. Медициналық куәландыру қорытындысы бойынша оның да орташа ауырлықтағы алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды. Анықтай келгенде оның 2022 жылы 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылғаны белгілі болды. Құқық бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасына сәйкес қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Астана қаласының Полиция департаменті жол ережесін ескермей өзіне және айналасындағыларға қауіп төндіретін жүргізушілер туралы полицияға дереу хабарлауды сұрайды. Біз азаматтардан көлікті масаң күйде жүргізбеуге шақырамыз, себебі оның салдары өкінішті жағдаймен аяқталуы әбден мүмкін.
Астана қаласы ДП Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
13 пікір