Астаналық сақшылар тонау қылмысын «ізін суытпай» ашты
Таң азанмен полицияға қала тұрғыны хабарласып, өзін тонап кеткенін айтқан.
Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз ер адам түнгі сағат 03.00 шамасында ол жұмыс істейтін Гете көшесіндегі қонақүйге келген. Ашулы келген ер адам аталған үй-жайдан кету туралы өтініштерді елемеген. Осыдан кейін күзетішімен бейтаныс адамның арасында жанжал туындап, бұзақы күш қолданып, жәбірленушінің қолынан ұялы телефонын жұлып алып, белгісіз бағытта қашып кеткен.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Сарыарқа аудандық ПБ-ның қызметкерлері 41 жастағы ер адамды ізін сутпай ұстады. Заттай айғақ алынды.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оның елордада бұрын жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.
Астана қаласы Полиция департаменті тұрғындарға қырағы болуды ескертеді. Егер сіз заңсыз әрекеттерге тап болсаңыз, дереу полицияға хабарлаңыз.
Астана қаласы ДП Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
7 пікір