Астанада ер адам өтіп бара жатқан адамның ұялы телефонын алдап алып, туысының ақшасын тартып алған
Полицияға қарт адам күндізгі уақытта бейтаныс біреудің оның ұялы телефонын тартып алғаны туралы арызданған
Жәбірленуші көшеде қоңырау шаламын деген желеумен телефон сұраған жігітті кездестіреді. Қолына телефонын алған ол біраз жерге кетіп қалып, белгісіз бағытқа қашып кеткен.
Кейін ұялы телефонда кіру коды орнатылмағанын пайдаланып, қаскүнем «Whats app» мессенджерінің көмегімен жәбірленушінің туыстарының бірінің ақшасын алаяқтық жолмен иемденген. Қаскүнем хабарлама жазып, оған 80 мың теңге ақшаны жедел аударуды сұраған.
Байқоңыр ауданының полицейлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 32 жастағы қала тұрғынын анықтады.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Күдікті қылмысты жасағанын мойындады, оның бұрын елордада жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.
Астана қаласының полиция департаменті қала тұрғындарына бейтаныс адамдарға сенбеуді және қырағы болуды ескертеді.
Астана қ. ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
7 пікір