Алаяқтық жолмен бөтеннің телефонын иемденген Астана тұрғыны анықталды
Сағат 00.05 шамасында Тілендиев көшесінде жүрген ер адам әйелге жақындап, шұғыл қоңырау шалу керек деген сылтаумен телефонын сұраған. Жәбірленушінің сенімін пайдаланып, «Самсунг» маркалы ұялы телефонын иемденіп, белгісіз бағытқа қашып кеткен.
«Сарыарқа» аудандық ПБ полиция бөлімінің қызметкерлері 39 жастағы қала тұрғынын анықтады. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.
Астана қаласы Полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды және бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертеді.
Еске салайық, елордада қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында 1 ақпан мен 10 наурыз аралығында «Қоғамдық қауіпсіздік» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
Астана қаласы ДП баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
7 пікір