Жамбылдық полиция қызметкерлері «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ облыстық филиалының өкілдерімен бірлесіп жол-көлік оқиғасының алдын алуда
Жамбыл облысында "ұйқыдағы" жүргізуші жедел-алдын алу іс-шарасы жүргізілуде
Жамбыл облысының ПД патрульдік полиция батальонының инспекторлары "ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ қызметкерлерімен бірлесіп, "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" республикалық автожолында жүргізушілердің назарын осы мәселеге аудару мақсатында ЖҚЕ туралы 400-ден астам парақшалар мен жадынамалар таратты.
Іс- шараның басты мақсаты - жол-көлік оқиғаларының санын азайту, жолдардағы қауіпсіздікті және жүргізушілердің көлік тәртібін арттыру.
Қарбалас көлік жолдарында полицейлер мен "Қазавтожол" қызметкерлері жүргізушілерге іс-шараның мақсаты туралы айтып, азаматтарға жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігі, белгіленген қозғалыс жылдамдығы, автокөлік рөліне отырар алдындағы демалудың маңыздылығы туралы ескертті.
- Көлік басқару кезінде еңбек және демалыс режимін сақтамайтын жүргізуші ықтималды қылмыскерге айналады, ол өзіне және жақындарына ғана емес, айналасындағы автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілердің өміріне де қауіп төндіреді. Шамадан тыс ұйқышылдық жолдағы сергектікті төмендетеді, айналаға әсер ету реакциялары баяулап, шешім қабылдауда қиындықтар туындайды. Алыс жолға шығуды жоспарлап отырған жүргізушілерге ең алдымен жолға шығар алдында жақсы демалу қажеттігін еске саламыз. Есіңізде болсын, жол қателіктерді кешірмейді! - деп хабарлады Жамбыл облысының ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Ержан Мананбаев.
[xfvalue_img]
7 пікір