Әбілхайыр Тамабек питомник шаруашылығын дамыту мәселелерін талқылауға қатысты
Алматы облысында өткен дөңгелек үстелде сала мамандары питомник және бау-бақша шаруашылығының өзекті мәселелерін талқылады. Талқылауға Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек қатысты.
Отандық отырғызу материалдарын өндірушілер бағбандарды сапалы көшеттермен қамтамасыз етуге дайын, алайда бұл салаға мемлекеттік қолдау қажет, деді кездесуге қатысушы мамандар.
Питомник шаруашылығымен айналысушылар импорттық материалдар көбінесе Қазақстанның топырақ-климаттық жағдайларына нашар бейімделгенін, қажетті иммунитеті жоқ және оның өмір сүру уақыты шектеулі екенін атап өтті. Осыған орай жергілікті питомниктарға көбірек көңіл бөлу керек. Сала көп капиталды қажет етеді, ал өтелу мерзімі ұзақ. Сондықтан мамандар мемлекеттік қолдау шараларын, атап айтқанда түпнұсқа тұқым өндірушілерін субсидиялауды жетілдіруді сұрайды. Бұдан басқа, қалемше бақтарды күтіп-ұстау бойынша шығыстарды өтеу тетігін енгізу, сондай-ақ импорттық отырғызу материалын субсидиялау үлесінің пайызын төмендетуді сұрады.
Сала қызметкерлерінің пікірінше, білікті кадрларды даярлау өзекті мәселе болып отыр. Шаруашылықтарға өнеркәсіптік бау-бақша және питомниктарда заманауи технологияларымен жұмыс істеу дағдылары бар білікті агроном мамандар қажет.
Вице-министр өз кезегінде мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы тетіктері туралы айтып берді. Атап айтқанда, фермерлер бақшаларды салу, жеміс-жидек қоймаларын салу кезінде инвестициялық субсидиялар, техниканы сатып алуға кредиттер мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялар, сондай-ақ элиталық көшеттерді, тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғау құралдарын және т. б. сатып алуға субсидиялар ала алады.
Талқылау қорытындысы бойынша қарар қалыптастырылып, қарау үшін АШМ-ге жіберілді. Сала сарапшылары ұсынылған шаралар шетелдік жеткізушілермен бірдей бәсекеге қабілетті озық питомниктар мен бау-бақша шаруашылығының қалыптасуына көмектесетініне сенімді.
[xfvalue_img]
7 пікір