Жыл басынан бері "102" мобильді қосымшасының көмегімен петропавлдықтар полицияға 129 рет жүгінді
"102" мобильді қосымшасы - полиция қызметтерін халыққа қолжетімді ететін тиімді құралдардың бірі. Кезекші бөлімге ұялы байланыс бар кез-келген жерден кез-келген уақытта хабарласуға болады.
Жыл басынан бері петропавлдықтар "102" қосымшасын 129 рет пайдаланды. Жол қозғалысы ережелерін бұзу көп себептердің бірі болып табылады. Мысалы, шілде айында келіп түскен 16 өтініштің 8-і автокөлік тұрағының ережелерін бұзумен байланысты. Жауапсыз автокөлік жүргізушілері көліктерді көгалдарға, тротуарларға көліктерін қалдырып кетеді, аулалардан шыққан кезде көліктері тосқауыл болады. Басқа жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін тағы 5 өтініш жасалды.
"Қосымша көп арналы қағидат бойынша жұмыс істейді — оның көмегімен сіз мәтіндік немесе дауыстық хабарлама жібере аласыз, аудио немесе бейне қоңырау шала аласыз, хабарламаға фото, бейне және аудио файлдарды қоса аласыз", - дейді Петропавл қ. ПБ бастығының м. а. полиция подполковнигі Әлібек Ғабдуллин. - Құқық бұзушылықтың куәгері бола отырып, адам ол туралы хабарлап қана қоймай, фото-бейнежазбамен растай алады, бұл тәртіп сақшыларының жұмысын тездетеді. Келіп түскен хабарламалардың растығы жоғары екенін атап өткен жөн: қаңтардан бастап тек 10 жағдай ғанатексеру кезінде заңдылықтың бұзылу фактісін растаған жоқ. Халықпен көп арналы байланыс жобасы "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы және "Қадамдық қолжетімділіктегі полиция" қағидатын іске асыру шеңберінде іске асырылуда".
Қолданбаны App Store және Play Mapket сервистерінен жүктеуге болады.
Игорь Мерцалов
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
7 пікір