Петропавл тұрғындары өткен жылы «102» қосымшасы арқылы полицияға 200-ден астам рет жүгінген (видео: https://youtu.be/Zrd9-R78Tj4 )
«SOS» батырмасы, аудио және бейнеқоңырау шалу, фотосуреттер мен бейнежазбалар, дыбыстық хабарламалар, мәтіндер жіберу – бұл ұялы телефондарға арналған «102» мобильді қосымшасының мүмкіншіліктері. Оны PlayMarket немесе AppStore дүкендерінен жүктеп алуға болады. Қосымша полициямен кез-келген ыңғайлы форматта байланысуға, заң бұзушылық туралы хабарлауға, кеңес алуға мүмкіндік береді. Тұрған жерін білмей қоңырау шалған адамның нақты қай мекенжайда орналасқанын полиция қосымшадағы геолокация арқылы біледі.
«Өтініштер автоматты түрде тіркеледі», - дейді Петропавл қ. Полиция басқармасының қызметкерлері. – Кейін қоңырау шалған адамға қабылданған шаралар туралы хабарлама келеді. Өткен жылы петропавлдықтар «102» қосымшасын 219 рет пайдаланды. 163 жағдайда келіп тсүкен ақпарат расталды, құқық бұзушылар жауапқа тартылды. Негізінен өтініштер жол жүрісі қағидаларын бұзуға қатысты болды. Көптеген адамдар мәтіндік хабарламаларды жіберуді таңдайды».
Өтініштердің негізгі тақырыптары – көліктерді қою ережелерін бұзу. Олар – жүргізушілердің жаяу жүргіншілерге кедергі келтіріп автокөліктерін тротуарларда қалдырып кететін жағдайлары, қауіпті маневрлар жасауы, апатты жағдайлар туғызуы. Ал тамыз айының соңында полицейлер көпқабатты үйдің ауласында шулы жиындар ұйымдастырған мас күйдегі адамдарға қатысты әкімшілік материал жинады. Қоңырау соққан тұрғын хабарламаға бейнежазбаны қосып жіберген. Бұл құқық бұзушылықты анықтауда дәлел болды.
«Азаматтардың хабарламаларын қабылдау үрдісінің бірізділігі» жобасы ҚР ішкі істер министрлігімен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты шеңберінде іске асырылуда. Ол сондай-ақ чат-боттар және электрондық пошта арқылы мәтіндік өтініштер жіберуді, Telegram (@qz102bot), Facebook чат-боттары, ҚР ІІМ ресми интернет-ресурсында орналастырылған виджет арқылы полицияға қатысты кез келген тақырып бойынша мәтіндік кеңестер беруді қамтиды (facebook.com/qriim.mvdrk).
СҚО ПД баспасөз қызметі
https://polisia.kz/ru/svyshe-200-raz-obratilis-v-politsiyu-petropavlovtsy-cherez-prilozhenie-102/
[xfvalue_img]