Жамбыл облысының атақты спортшылары, имамдар мен журналистер көлік жүргізушілеріне үндеу жолдады
Жамбыл облысында бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша жол-көлік оқиғаларының саны 36% - ға азайды.
Осыған қарамастан, аймақ жолдарындағы жағдай күрделі болып қала береді. 6 ай ішінде 324 жүргізуші мас күйінде ұсталды, жылдамдық режимінен асып кету фактілерінің саны 4,5 мыңнан 8 мыңға дейін өсті, жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзудың 8,5 мың дерегі анықталды.
Жолдардағы жағдайға алаңдаулы Жамбыл облысының полицейлері тұрғындар үшін жолдардың қауіпсіз болуы үшін барлық азаматтарды ЖКО-ның алдын алуға өз үлестерін қосуға шақырады.
Алғашқылардың бірі болып атақты спортшылар, облыстық мешіт имамдары, журналистер атсалысуда.
ТМД - дағы ең танымал дзюдошылардың бірі, Токиодағы 2020 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, әлем чемпионы Елдос Сметов, бокстан әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов, бокстан 2023 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дулат Бекбауов, имамдар мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері жүргізушілерге бейне үндеу жолдап, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.
- Жүргізушінің бір асығыс қадамы қайғылы салдарға әкеледі. Құрметті жерлестер, жолдарда абай болайық! Бір қателік көптеген адамдардың өмірін бұзуға жол бермеу керек, - деді Елдос Сметов жүргізушілерге.
[xfvalue_img]
18 пікір