"Түнгі қаладағы балалар" жедел- алдын алу іс-шарасының алғашқы тәулігінде 20 жасөспірім полицияның есебіне қойылды
Жамбыл облысының аумағында "Түнгі қаладағы балалар" атты үш күндік жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара барысында көшелер мен ойын-сауық орындарына түнгі рейдтік тексерулер жүргізілуде.
Негізгі мақсат-кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қараусыз қалуына қарсы күрес, жасөспірімдер тарапынан жасалатын және оларға қатысты қылмыстардың алдын алу.
Жедел-алдын алу іс-шарасының нәтижесінде, алғашқы күні ішкі істер органдарына түрлі құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 192 кәмелетке толмаған бала жеткізілді. 20 жасөспірім және 16 қолайсыз отбасы анықталып, есепке қойылды, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 7 жасөспірім орналастырылды.
- Іс-шара барысында азаматтардың жаппай шоғырланатын жерлері бойынша рейдтерге ерекше назар аударылуда. Сондай-ақ, саяжайлар, үйлердің жертөлелері, ойын-сауық орындары, компьютерлік салондар, жанармай құю бекеттері, көлік жуу орындары және жасөспірімдердің болуы мүмкін басқа да орындар тексерулермен қамтылды. Құқық бұзушыларға қатысты барлығы 192 әкімшілік материал толтырылды. Кәмелетке толмағандардың 168 заңды өкілі балалардың түнгі мезгілде тұрғынжайдан тыс болғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, 8 тұлға балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды, - деп атап көрсетті Жамбыл облысының ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының ювеналдық полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция майоры Әлішер Қалышев.
[xfvalue_img]
42 пікір