Жамбылдық полицейлер жасөспірімдер арасында профилактикалық рейдтер өткізді.
Бір апта ішінде ювеналды полиция қызметкерлері 74 рейд жүргізді, оның барысында ішкі істер органдарына 131 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді, 196 ата-ана мен өзге де ересек адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Кәмелетке толмаған 3 баланың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол бергені үшін 2 әкімші, алкоголь өнімдерін сату ережелері туралы ҚР Заңнамасын бұзғаны үшін 2 дүкен иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кәмелетке толмаған балаларының түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде болуына жол берген 128 заңды өкілге әкімшілік хаттама жасалды.
Апталық рейд барысында ІІО-да профилактикалық есепке 1 жасөспірім және 2 баласы бар 1 қолайсыз отбасы қойылды. КБО-ға қаңғыбастығы үшін 4 жасөспірім, 1 ата-ана құқығынан айырылған заңды өкіл орналастырылды.
Жамбыл облысының Полиция департаменті ата-аналар мен заңды өкілдердің балаларының өмірі мен денсаулығы үшін жауапты екенін, оларды қараусыз қалдыруға болмайтындығын, сондай-ақ түнгі уақытта көшеге немесе ойын-сауық орындарына жібермеу қажеттігін еске салады.
[xfvalue_img]