Түркістан облысындағы қайғылы жағдай бойынша
13 шілдеде Түркістан облысының Сарыағаш ауданында зорлықпен өлім белгілері бар жасөспірім қыздың мәйіті табылғаны белгілі.
Сол күні полиция қызметкерлерімен осы қылмысты жасады деген күдікпен бұрын бірнеше рет сотталған аудан тұрғыны Г. ұсталып, УҰИ-на қамауға алынды.
Осы факт бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігі (жас баланы өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша орын алған оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда.
Күдікті Г. 2006 жылы адам өлтіргені үшін 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталғаны анықталды.
2023 жылдың мамырында Г. алкогольдік ішімдік ішу барысында орын алған жанжалда ауылдасын балтамен ұрғаны үшін сотталған. Сот Г. жәбірленушімен татуласқанын және оның бұрынғы соттылығы өтелгенін ескере отырып, оған пробациялық бақылау белгілей отырып, 3 жыл бас бостандығын шектеу тағайындаған.
Бас прокуратура аталған үкімге жазаны қатаңдату және бас бостандығынан айыруды тағайындау туралы кассациялық наразылық келтірді.
Пробациялық бақылауда болған Г. аса ауыр қылмыс жасағанын ескере отырып, пробация қызметінің қызметкерлеріне қатысты салғырттық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Президенттің тапсырмасына сәйкес жеке адамға қарсы аса қауіпті қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейтуге бағытталған заңнамалық түзетулер топтамасы әзірленуде.
Осы қылмыстар бойынша санкцияларды қайта қарау, жазаларды тағайындау және одан босату, соттылығын өтеу тәртібін, жеке адамға қарсы ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін жазасын өтеп жатқан адамдарға әкімшілік қадағалауды белгілеу шарттарын өзгерту мәселелері пысықталуда.
Қылмыстық істі тергеп-тексеру барысы Бас Прокурордың жеке бақылауына алынды.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі
[xfvalue_img]