Мемлекеттік рәміздер күні солтүстікқазақстандық бес полицей кезекті офицерлік атақтарын алды
Мемлекеттік рәміздер күні солтүстікқазақстандық полицейлер мерекелік сап түзеді. Мерекені жеке құрам алдында тәуелсіз Қазақстанның Туы мен Елтаңбасын ұстап салтанатты маршпен өткен топ ашты. Оркестрдің сүйемелдеуімен тәртіп сақшылары гимнді орындады. Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Айдын Қабдұлдинов жеке құрамды басты мемлекеттік мерекелердің бірімен құттықтады.
«Ту, Елтаңба және Гимн – біздің ортақ игілігіміз, қазақстандық патриотизмнің, Отанға деген сүйіспеншіліктің, оның тарихына, тіліне, мәдениеті мен дәстүріне деген терең құрметіміздің қайнар көзі», - деп атап өтті ол өз сөзінде. – Әр қызметкерге жанқиярлық еңбегі – халқымыздың бостандығының, елдің егемендігінің, барша қазақстандықтардың тыныштығы мен сенімділігінің берік кепілі».
Мерекелік бұйрықпен СҚО полициясының екі қызметкері капитан, үшеуі полиция майоры атағын алды. «Осындай атаулы күн қарсаңында кезекті офицерлік атақ алу мен үшін үлкен қуаныш, — дейді полиция капитанының шенін алған Петропавл қ. ПБ тергеу бөлімінің аға тергеушісі Санжар Атажан. – Бұл полиция қызметкерлерінің мемлекет пен халық алдындағы жауапкершілігін тағы бір мәрте сезінуге мүмкіндік береді».
Іс-шара аяқталған соң полицейлер қылмысқа қарсы күресті жалғастыру, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қызмет атқару орындарына оралды.
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
26 пікір