Қазақстандық ғалым: Тағам өнімдерінің сапасы бақылауды күшейтуді қажет етеді

      Биология ғылымдарының докторы, профессор Балғабай Майқанов еліміздегі тағам өнімдерінің қауіпсіздігі мәселесіне алаңдаулы. Ол бұл жөнінде бүгін Silteme баспасөз-клубында өткен пресс-конференция кезінде айтты.

      "Практикалық тұрғыдан тағам өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жеткіліксіз деңгейде. Осынау аса маңызды мәселе жылдан жылға шешімін таппай қордаланып келеді" - дейді Балғабай Сәдепұлы.

      Оның айтуынша, бұл жағдайдың бірнеше себебі бар. Ол - азық-түлік қауіпсіздігін бақылауға көзқарастың әртүрлі болуы, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін сараптауда бақылаудың әлсіздігі, халықаралық ұсыныстарды білмеу немесе елемеу, CODEX ALIMANTARIUS азық-түлік стандарттарына негізделген тиісті қызметтер мен тәуекелдерді бағаламау және талдамау.

      Осыған байланысты ғалым Тағам қауіпсіздігі жөнінде арнайы Агенттік құру қажет деп санайды. Сонымен қатар, Балғабай Сәдепұлы мәселені шешу жолдарын ұсынды.

      "Ол үшін республикалық ветеринариялық зертхананың барлық облыстық бөлімдерінде тағам өнімдерінде бөгде заттардың болу-болмауына (антибиотиктер, гормондар, радиобелсенді заттар, пестицидтер, афлатоксиндер және т.б.) үнемі мониторинг жасап, бақылау жүргізу, тағам қауіпсіздігі зертханаларын әлемдік стандарттарға сәйкес жабдықтау және жаңғырту, аграрлық жоғары оқу орындарындағы «Ветеринарлық санитария» мамандығының атын «Тағам қауіпсіздігі» деп ауыстырып, ҚР БҒМ классификаторында жеке мамандық ретінде тану және Денсаулық сақтау министрлігі құрамында CODEX ALIMENTARIUS республикалық кеңсесінің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз ету қажет" дейді Балғабай Майқанов.

      Ғалымның айтуынша, тағам қауіпсіздігі әлемде де өте өзекті. ДДҰ дерегі бойынша жыл сайын 600 миллионға жуық адам (бұл шамамен әлемдегі он адамның бірі) 200 түрлі тағамнан болатын аурумен ауырады. Ал жыл сайын 420 мың адам зиянды астан көз жұмады. Әсіресе, балалар көп зардап шегіп жатыр. Залалды тағамды тұтыну салдарынан денсаулығына нұқсан келтіретіндердің 40%-ы - 5 жасқа дейінгі балалар. Оның ішінде жыл сайын 125 000  бала қайтыс болады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.