MTV Қазақстандықтардың қатысуымен халықаралық әлеуметтік кампанияның жаңа видеосын шығарды
MTV психикалық саулық, мүмкіндігі шектеулі жандардың интеграциясы, гендерлік стереотип, мамандық таңдау, әлеуметтік желілерді пайдалану және жеке қарым-қатынас секілді маңызды мәселелерді көтеретін «Бұл қалыпты» халықаралық әлеуметтік кампаниясының жалғасын бастайды.
2022 жылы басталған бұл ауқымды әлеуметтік кампанияға алты елдің өкілдері қатысып отыр, олар: Қазақстан, Армения, Грузия, Латвия, Литва және Эстония. Қысқа видеороликтерда кейіпкерлер адамның өзгеше болуы, өзінің психологиялық денсаулығы туралы ойлауы, өз денеңді бар қалпында қабылдау, өмір жолың мен кәсіби жолыңды өзің таңдау, жағымсыз қарым-қатынастарды тоқтату, зорлық-зомбылыққа «жоқ» деп айта білу қалыпты екені жайлы айтады. Видеолардың жаңа циклында әрқайсысы бір кейіпкердің оқиғасы жайлы айтылады, кампанияның негізгі мақсатын тереңірек ашуға мүмкіндік береді. Қазақстанды бұл жолы денсаулығы бойынша мүмкіндігі шектеулі жандардан тұратын театр ұжымының қатысушылары таныстырады.
Видеороликтер Comedy Central телеарнасының эфирінен, ақпараттарды сегіз тілде ұсынатын thisisnormal.info әлеуметтік капаниясының сайтынан, сонымен қатар #thisisnormal хэштегі бойынша негізгі әлеуметтік желілерден көруге болады.
***
Анықтама:
MTV – жастарға арналған әлемдегі жетекші ойын-сауық бренді, оның аудиториясы 180 ел мен аумақтағы жарты миллиардқа жуық үй тұрмысын қамтиды. MTV миллениалдар ұрпақтары - музыка фанаттары мен орындаушылары үшін мәдениет үй ретінде қалыптасып, инновациялық бағдарлама құрудың пионерлеріне айналды. Арна көптеген премияларда атап өтілетін, сторителлингте құрылған керемет контенттер, музыка жаңалықтары мен онлайн және мобильді құрылғылардағы, телеарнадағы белсенділіктің арқасында поп-мәдениетті бейнелеп қана қоймай, оны жасап та шығарады. MTV каналы желілік телеарналар мен стримингтік платформар үшін әлем бойынша бағдарламалар мен контенттер шығарушылардың бірі – Paramount Global компаниясының бір бөлігі болып табылады.
[xfvalue_img]