СҚО-да 4 мыңнан астам шетелдік автокөлік заңдастырылды
Облыста 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Қазақстан Республикасына әкелінген шетелдік автокөліктерді Мемлекет басшысы жариялаған заңдастыру жалғасуда. Акцияның жоспарланған мерзімі-2023 жылдың 1 шілдесіне дейін. Әкімшілік полиция қызметкерлері жария ету шарттарын түсіндіру бойынша жаппай ақпараттық науқан өткізді. Осының арқасында процесс толқулар мен түсініспеушіліктерсіз өтуде. Күрделі жағдайлар жекелей шешіледі. Облыс тұрғындары "жедел желі" телефондары бойынша толық кеңес ала алады": 8 (7152) 32-00-22, 8 (7152) 32-00-19.
"Ауыр жүк көлігі бойынша көптеген сұрақтар келіп түсуде", — деп атап өтті СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Серік Әлжанов. — Естеріңізге сала кетейік, максималды рұқсат етілген салмағы 3,5 тоннадан асатын жүк көліктері заңдастыруға жатпайды. Олар жалпы негізде алғашқы тіркеуге жатады: мемлекеттік баж және кәдеге жарату төленгеннен кейін, олар "Еуро-4" экологиялық класына сәйкес келуі керек".
М1, М1G, М2, М2G, N1, N1G санатындағы, оның ішінде рульдік басқарудың оң жақ орналасуы бар көлік құралдары заңдастыруға жатады. Заңдастыруға жатпайды: қылмыстық, кедендік тазартудан өтпеген көлік құралдары, 2022 жылғы 1 қыркүйектен кейін ҚР-на әкелінген көлік құралдары, сондай-ақ бұрынғы мемлекетте тіркеу есебінде тұрған автокөліктер.
Акция басталғалы бері СҚО-да 4115 адам өз көліктерін заңдастырып үлгерді.
СҚО ПД баспасөз қызметі
https://polisia.kz/sqo-da-4-myngnan-astam-sheteldik-avtokolik-zangdastyryldy/
[xfvalue_img]