Шетелдік автокөліктерді заңдастыратын МХҚО-лардың жұмыс кестесі өзгерді
Ағымдағы жылдың 23 қаңтарында елімізде шетелдік автокөліктерді заңдастыру басталды. Мемлекеттік корпорация қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында МХҚО-лардың жұмыс кестесін өзгерту туралы шешім қабылдады.
Автокөліктерді заңдастыру бойынша мемлекеттік қызмет көрсететін МХҚО-лары дүйсенбі және сенбі күні сағат 9:00-ден бастап 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Осы жұмыс кестесі бойынша орталықтар келушілерді 2023 жылдың 6 ақпанына дейін қабылдайды.
Автокөліктерді заңдастыру үшін азаматтарды қабылдайтын МХҚО-лардың мекенжайларын келесі сілтеме арқылы көруге болады: https://gov4c.kz/ru/press-center/news/339502/.
Естеріңізге сала кетейік, шетелдік автокөліктерді заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.
[xfvalue_img]