Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін Қазақстанға әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру туралы

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін Қазақстанға әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру туралы

Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін Қазақстанға әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру міндетін жүктеген болатын.

Қазір бұл үшін мемлекеттік органдар барлық қажетті заңнамалық және ұйымдастырушылық шараларды қабылдауда.

Экологиялық және Салық кодекстеріне түзетулер әзірленді.

Азаматтар бастапқы тіркеу үшін 200-250 мың теңге көлемінде ғана алым төлейтін болады.

Заңдастыру кезінде утиль алым төленбейді.

Кодекстерге түзетулер келесі жылдың қаңтарынан бастап күшіне енеді, сондықтан заңдастыру келесі жылдан бастап жүргізілетін болады.

Осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінген автокөліктердің  тізімі жасалды.

Кейінірек әкелінген автокөліктер заңдастыруға жатпайды және жалпы негізде тіркеледі.

Бүгінгі таңда ІІМ және басқа да мемлекеттік органдар автокөліктерді заңдастыруды барынша қарапайым және түсінікті ету тәсілдерін әзірлеуде.

Автокөліктерді заңдастыру үшін полицияға онлайн-өтініш беру мүмкіндігі пысықталуда.

Полицияның байланыс орталықтарының жұмысы ұйымдастырылады.

Тіркелген көліктерге қарапайым ақ нөмірлер беріледі, полиция қандай да бір шектеулер қоймайды.

Еуразиялық экономикалық одақтың тауары болып табылмайтын автокөліктер кедендік баждарды төлеуі тиіс.

Бұл үшін Қаржы министрлігі азаматтарға қолайлы кедендік декларациялау тетіктерін әзірлеуде.

Заңдастыруды өткізудің барлық шарттары әзірленгеннен кейін Үкіметтің тиісті қаулысы қабылданатын болады.

Айта кету керек, заңдастыруға "қылмыстық" және кедендік бақылаудан өтпеген автокөліктер кірмейді.

Уақытына және экологиялық санатына қарай талаптар жоқ.

Қалған талаптар бойынша шешім қазір ұлттық және халықаралық заңнаманы ескере отырып қабылдануда.

Сондай-ақ, бұзушылықтардың жекелеген түрлері бойынша жауапкершілікті күшейту болғанымен, полиция шетелдік автокөліктер бойынша ешқандай арнайы рейдтік іс-шаралар жүргізбейтінін де хабарлағымыз келеді.

Сақтандыру немесе автокөлік иелерін қудалау мәселелері бойынша әлеуметтік желілерде таралып жатқан ақпарат дұрыс емес.

Қазір үкімет үшін Мемлекет басшысының автокөліктерді заңдастыру жөніндегі тапсырмасын орындау басым міндет болып табылады.

Заңдастыруды жүргізе отырып, мемлекет автокөлік иелеріне мүмкіндік беруде, сондықтан полиция жол қозғалысын қадағалау кезінде шетелдік автокөліктерді заңдастыру қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бағдарланатын болады.

Сонымен қатар, барлық автокөлік иелерінен жол қозғалысы ережелері мен жолдардағы қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз.

Николай Сон Валерьевич,

ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигi

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив