Алматыда өткен конференцияда мектепте тілдерді ойын форматында қалай үйренуге болатыны жайлы айтылды
ЮНИСЕФ пилоттық бағдарламасы оқушыларға Akelius халықаралық платформасының көмегімен шет тілдерін үйренуге көмектеседі
АЛМАТЫ, 14 сәуір 2023 жыл– Бүгін БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) Халықаралық ақпараттық технологиялар университетімен (ХАТУ) бірлесіп «Заманауи білім берудегі аралас оқыту: тиімді тәжірибелер мен сын-тегеуріндер» атты ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.
Қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарының мұғалімдері, әдіскерлері, профессорлары мен ғылым кандидаттары тілдік сабақтарда аралас оқытуды және заманауи ақпараттық технологияларды қолдануды талқылау үшін жиналды. Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы бірнеше мектептерде ЮНИСЕФ-пен бірге «Akelius» пилоттық бағдарламасының бірінші кезеңін іске асыру және алынған сабақтар талқылаудың негізгі тақырыбына айналды.
Akelius курсының негізгі мақсаты - тіл үйренудің бастапқы кезеңдерінде күнделікті оқуға ынталандыру. Akelius курсы табиғи тіл мәнмәтінінде жаңа материал мен грамматикалық ережелерді енгізеді. Ол тілдесу жағдайларына бағытталған коммуникативті құзыреттерді қалыптастырады. Барлық сабақтар қоғамға бейімделу үшін қажетті сөйлеу дағдыларын, сондай-ақ жазу, оқу және тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталған. Аралас оқыту форматы оқушы мұғаліммен тікелей байланыста болған кезде және сонымен бірге кіріктірілген тілдік бағдарламасы бар гаджетті қолданған кезде сабақтарды бетпе-бет өткізуді көздейді Тілді меңгерудің мұндай процесі білім алушыларды бөтен тілдің заңдылықтарымен таныстырып қана қоймай, жалпы білім беру дағдыларының шектерін кеңейтеді (зерттеу жұмысы, сыни ойлау, IT-технологияларды қолдану және т.б. дағдылар). Akelius бағдарламасы бойынша сабақтарда оқушылар ойын форматында өз білімдерін тексере және бекіте алады.
Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталық» МКҚК бөлімінің басшысы Есематова Ақбота елордалық мектептерде көші-қон процестеріндегі балалардың, сондай-ақ білімді толықтыру бойынша қолдауға мұқтаж балалардың сауаттылығын арттыру бойынша «Akelius» пилоттық бағдарламасын іске асыру туралы толығырақ айтып берді. Қолжетімді және қолдануға оңай бағдарлама арқылы сөйлеу және оқу дағдыларын жедел дамыту балаларға бөтен тілді үйрену процесін жеңілдетеді.
Астана қаласының №60 мектебінің мұғалімдері Akelius бағдарламасын қолдану бойынша тәжірибелік мысалдармен және өз тәжірибелерімен бөлісті. Олар сабақтардың қалай өтетіні, қандай форматта және балаларға тіл үйренуде жаңа тәсіл қаншалықты оңай берілетіні туралы айтты. Мұғалімдер үшін сыныптағы жұмысты дұрыс ұйымдастыру, сабақты жоспарлау, сөйлеу, жазу, оқу және тыңдау тапсырмаларын бір уақыт аралығында орындау мүмкіндіктерін дамыту мәселелері маңызды болып қала береді. Осы мектептің мұғалімі Байтабенова Анардың айтуынша, оқушылар белгілі бір деңгейдегі ақпаратты өз бетінше өңдейді және оқиды, ал мектепте практикалық сабақтарда мұғалімге сұрақтар қояды, басқа балалармен талқылайды.
«Біздің басты мақсатымыз - барлық балаларды, әсіресе қосымша сабақтарды қажет ететіндерді білімге қолжетімділікпен қамтамасыз ету. Тілдерді білу көші-қоннан зардап шеккен балаларға, шиеленіс аймақтарынан оралған балаларға қазақстандық қоғамға интеграцияны жеделдетуге және олардың құрдастарынан артта қалуына жол бермеуге көмектеседі. Akelius цифрлық платформасын планшеттерде қолдану мектеп оқушыларының қажетті цифрлық дағдыларын дамытады және мұғалімдердің құзыреттілігін арттырады. Біз IT-технологияларды қолдана отырып, білім беруде аралас тәсілді кеңінен енгізу әрбір қазақстандық баланың сапалы білім алуға қолжетімді болатынына кепілдік беруге жағдай туғызады деп сенеміз», - деп түсіндірді ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизен.
Қазақстанда Akelius бағдарламасын ЮНИСЕФ 2021 жылдан бастап ҚР оқу-ағарту министрлігімен, Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкімдіктерінің әдістемелік орталықтарымен бірлесіп жүзеге асырып келеді.
Қосымша ақпарат:
ЮНИСЕФ туралы
ЮНИСЕФ өз қызметін әр баланың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады. ЮНИСЕФ өзінің серіктестерімен бірлесіп әлемнің 190 елі мен аумағында өз міндеттемелерін жүзеге асыру мақсатында жұмыс істейді, бұл ретте неғұрлым аз қамтылған және оқшауланған балаларды қамту проблемасына; балалардың игілігіне, әлемнің барлық бұрыштарында ерекше назар аударады.
ЮНИСЕФ-тің қызметі туралы сайтта толық ақпарат бар www.unicef.org.
Біздің Instagram, Facebook және Twitter желілеріндегі парақшаларымызға жазылыңыздар.
ХАТУ ТУРАЛЫ
Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті 2009 жылы құрылды, дамуының 14 жылында ХАТУ еліміздің үздік техникалық жоғары оқу орындарының рейтингіне орнықты түрде кіре алды. Университет білім беру қызметтерінің сапасын арттыру үшін үнемі жұмыс жасайды, профессор-оқытушылар құрамының жоғары әлеуетін қамтамасыз етеді. ЖОО-ның заманауи инфрақұрылымы, білім беру бағдарламаларын жетекші халықаралық жоо-лармен үйлестіру білім алушылар контингентінің қарқынды өсуіне ықпал етеді. Қазіргі уақытта ХАТУ-да бакалавриат, магистратура және PhD докторантура бағдарламалары бойынша 5000-нан астам студент оқиды.
[xfvalue_img]