Тергеу қызметіне 60 жыл толуына орай жамбылдық полицейлер арасында спартакиада өтті
Қазақстан Республикасының алдын ала тергеу органдарының құрылғанына 60 жыл толуына орай «Динамо» спорт кешенінде жамбылдық полиция қызметкерлері арасында спартакиада өткізілді.
Аталмыш шараға 10 команда қатысып, үстел теннисі, арқан тарту, шағын футбол спорттық жарыстары бойынша бақ сынады.
Мерейтойға арналған сайыста тергеуші қызметкерлерді Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Алмаз Саламатов сөз сөйлеп, құттықтау тілегін білдірді.
- Қоғамымыздың тыныштығын қорғауда полиция қызметкерлерінің кәсіби шыңдалуы және дене шынықтыру даярлығы маңызды екені белгілі. Бүгінгі жарыста спорттың әр түрінен өз өнерлеріңізді көрсетіп, жауынгерлік даярлықтарыңызды шыңдап, салауатты өмір салтын насихаттауға үлестеріңізді қосатындарыңызға сенімдімін. Еліміздің болашағы үшін қызметте де, осындай спорт сайыстарында да биіктен көріне беріңіздер,- деді полиция полковнигі.
Тартысты додада қарсылас шақ келтірмеген ПД Жедел криминалистикалық басқармасының командасы бірінші орынды жеңіп алса, екінші орынды Байзақ, Меркі, Мойынқұм, Т.Рысқұлов аудандық полиция бөлімдерінен құралған «Достық» командасы, үшінші орынды Қордай ауданы полиция бөлімінің командасы иеленді.
Барлық жеңімпаз командалар мен ерекше өнерімен көзге түскен қатысушылар ПД және “Динамо” ДШСҚ дипломдары, медальдары, кубоктары және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
[xfvalue_img]