«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ спартакиадасы аяқталды
Атырау қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) еншілес компанияларының еңбек ұжымдары арасында өткен спартакиада өз мәресіне жетті. Мұнайшылардың спорт додасы ҚМГ 20 жылдығы мен «Ембімұнайгаз» АҚ-ның құрылғанына 100 жыл толу мерейтойына арналды. Тамыздың 8-11 күндері өткен спартакиадаға 20-ға жуық еншілес кәсіпорыннан іріктеу кезеңдерінде жеңіске жеткен 400-ден астам спортшы қатысты. Жарыс үстел теннисі, үлкен теннис, шахмат, волейбол, баскетбол, жүзу, шағын футбол, тоғызқұмалақ, жеңіл атлетика тәрізді спорттың тоғыз түрінен өтті.
«Ембімұнайгаз» АҚ құрылғанына 100 жыл және ҚМГ-ның 20 жылдығына орай өткен спартакиадаға қатысушыларды шын жүректен құттықтаймын. Сіздер еңбекте де спортта да жеңіс туын көтеріп, жастарға үлгі көрсетіп жүрсіздер. Бұл біздің «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы үшін үлкен мақтаныш! Барлық қатысушыларға ҚМГ Басқарма төрағасының, еңбек ұжымының және жеке өз атымнан алғыс білдіремін, - деді спартакиаданың салтанатты жабылу рәсіміне қатысқан ҚМГ Басқарма төрағасының барлау және өндіру жөніндегі орынбасары Құрманғазы Есқазиев.
Жеңіске жеткен командалар мен қызметкерлерге медаль, диплом және кубоктар табыс етілді.
Сондай-ақ, спартакиада аясында ҚМГ құрамасының еліміздегі атақты «Қайрат» футбол клубымен өткізген футзалдан жолдастық кездесуі өтті.
[xfvalue_img]
17 пікір