Елордада отбасылық жанжалқой 7 тәулікке қамауға алынды
Елорда тұрғынынан 102 арнасына мас күйеуінің үйінде жанжал шығарғаны, сондай-ақ, балағат сөздер айтып, ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіргені туралы хабарлама келіп түсті.
Полицейлер Астана тұрғынының мас күйінде отбасылық жанжал шығарғанын анықтады. Оның барысында ол әйеліне қатысты әдепсіз сөздер айтып, психологиялық зорлық-зомбылық көрсеткен. Сөйтіп, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында заңға қайшы әрекеттер жасаған.
Белгілі болғандай, бұл оның мас күйінде үйінде жанжал шығарып, отбасының тыныштығын бұзған бірінші оқиғасы емес.
«Алматы» аудандық полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы отбасылық жанжалқойға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды.
Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі Мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен ер адам 7 тәулік мерзімге, сондай-ақ, құқық бұзушының тәртібіне 12 ай мерзімге алкогольдік ішімдіктерді, есірткі және психотроптық заттарды пайдаланбауға белгіленген ерекше талапты бұзғаны үшін ер адам 21 тәулікке Медициналық әлеуметтік оңалту орталығына орналастырылады.
Еске сала кетсек, құқық бұзушылықтың алдын-алуды күшейту, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында елордалық полиция департаментінің қызметкерлері «Қоғамдық қауіпсіздік» іс-шарасын өткізуде.
ЖПІШ басталғаннан бері тәртіп сақшылары отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы заңсыз әрекеттердің 470-ке жуық фактісін, 461 қорғау нұсқамасын бұзу фактісін анықтады, азаматтардың тыныштығын бұзған 2246 тұлға және алкогольдік ішімдіктерді ішкен 2231 тұлға анықталды.
Астана қаласы Полиция департаменті зорлық-зомбылық құрбаны болған жағдайда дереу полицияға 102 телефоны немесе әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімінің 8-(7172)-71-60-63 сенім телефоны арқылы хабарласу керектігін, онда полицейлердің Сізге құқықтық кеңес беретінін хабарлайды.
Астана қаласы ПД-нің баспасөз қызметі
[xfvalue_img]