Кодтың ашықтығы, кибериммунитет және әлеуметтік инвестициялар: «Kaspersky» өзінің  тұрақты даму  (ESG) туралы алғашқы есебін шығарды

Кодтың ашықтығы, кибериммунитет және әлеуметтік инвестициялар: «Kaspersky» өзінің тұрақты даму (ESG) туралы алғашқы есебін шығарды

«Kaspersky» өзінің алғашқы ESG-есебін ұсынды, онда компанияның 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 30 маусымға дейінгі кезеңдегі тұрақты даму стратегиясы шеңберіндегі қызметінің нәтижелерімен бөлісті

Құжат халықаралық стандарттарға сәйкес келеді: Жаһандық есеп беру бастамасының нұсқаулығы (GRI 2021) және Software & IT-Services секторына арналған Sustainability Accounting Standards Board (SASB) салалық нұсқаулығы. Есептің негізінде бес негізгі бағыт бар: кибер тұрақтылық, этика және ашықтық, болашақ технологиялар, адамдар үшін мүмкіндіктер және қоршаған ортаға қамқорлық.

«Kaspersky» 2015 жылы әлеуметтік қызметтің қаржылық емес нәтижелері мен қорытындыларымен бөлісе бастады. Сонда ол корпоративті әлеуметтік жауапкершілік туралы алғашқы есебін шығарды (Corporate Social Responsibility). ESG-есеп беру форматына көшу компанияның клиенттер, серіктестер және мемлекеттік органдар үшін өзінің ашықтығын арттыруға деген ұмтылысынан туындайды. Есепте БҰҰ-ның Тұрақты даму саласындағы сегіз мақсаты көрсетілген, компанияның нақты бастамалары оларға қол жеткізуге бағытталған.

«Біз үшін ESG-қағидаттарын ұстану сәнді үрдіс емес, біздің тарихымыздың бір бөлігі және біздің дамуымыздың стратегиялық пайымы. Қамқорлық қанымызда бар: өнімдері мен шешімдер сөзсіз пайда әкеледі, әлемді қауіпсіз етеді. Енді біз Ресейдегі ESG-есебін шығарған алғашқы киберқауіпсіздік саласындағы IT-компаниялардың бірі болдық. Бұл айқындық пен ашықтыққа бағытталған тағы бір қадам», - деді «Kaspersky»-дің бас директоры Евгений Касперский.

«Есепте компания бейінді деп санайтын тақырыптар ― киберқылмысқа қарсы күрес, маңызды инфрақұрылымды қорғау, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы білім беру бастамалары және құндылық деңгейінде бізге жақын тақырыптар ― деректерді қорғау, ашықтық, басқарудың этикалық тәжірибелері ұсынылған. Бірақ әлеуметтік жауапты компания бола отырып, біз басқа да қиындықтар мен мәселелерге ― әлеуметтік, экологиялық мәселелерге жауап беру қажеттілігін ескермеуге болмайды. Біз бизнес ESG-күн тәртібін қалыптастыруда үлгі көрсетуге міндетті деп санаймыз», ― деп түсіндірді «Kaspersky»-дің тұрақты даму жобаларының жетекшісі Мария Лосюкова.

Қоршаған ортаға теріс әсерді азайту

2021-2022 жылдары компания өндіріс пен пайдалану қоршаған ортаға аз әсер ететін цифрлық өнімдердің пайдасына физикалық медиа өнімдерін сатуды екі есе азайтты. Сонымен қатар, «Kaspersky» іссапарларды ұйымдастырудың неғұрлым саналы процесін енгізді және олардың жалпы санын қысқартты — бұл 2019-2021 жылдар аралығында атмосфераға шығарындылар санын 81% - ға төмендетуге мүмкіндік берді. Басқа шаралардың қатарында экологиялық проблемаларға жауапкершілікпен қарауды дамытуға бағытталған әртүрлі бизнес-бөлімшелердегі ішкі бастамалар бар. Атап айтқанда, біз көміртегі ізін азайту, экологиялық таза маркетингтік материалдарға көшу немесе оларды пайдаланудан бас тарту туралы білім беру шаралары туралы айтып отырмыз. Кеңсе инфрақұрылымы тиімдірек болды, компанияда электроника, макулатура және қайта өңдеуге арналған заттар жиналады.

Қызметкерлерге қамқорлық жасау және жаңа дарындарды дамыту

Адамдар - компанияның ең құнды активі, сондықтан «Kaspersky» команданың өркендеуі мен дамуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. 2022 жылы ұйымдағы қызметкерлердің қанағаттанушылығын өлшейтін Net Promoter Score (eNPS) көрсеткіші 53% - ға өсті.

Есепті кезеңде компания қызметкерлерге арналған ішкі курстардың портфолиосын үнемі кеңейтіп отырды, бүгінде олардың саны жүзден асады. Қызметкерлердің 40% - дан астамы компанияда оқуға мүмкіндік алды. Бұдан басқа, «Kaspersky»-де корпоративтік волонтерлік бағдарлама жұмыс істейді, ол қызметкерлерді КЕҰ пайдасына қаражат жинауды, қоғамдық негізде волонтерлікті, pro bono жұмысын, қан донорлығын және қайырымдылық спорттық іс-шараларды қоса алғанда, әлеуметтік жауапты қызметке тартуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, «Kaspersky» жаңа дарындарға инвестиция салады және бүкіл әлем бойынша 100-ден астам серіктес университеттерді біріктіретін Kaspersky.Academy жобасын дамытады және Secur'IT Cup — 2018 жылдан бері әлемнің түкпір-түкпірінен 6 мыңнан астам студент қатысқан киберқауіпсіздік бойынша студенттік байқауды ұйымдастырады.

Пайдаланушылардың сенімін қолдау

Өнімдердің, сондай-ақ ішкі және бизнес — процестердің барынша ашықтығы цифрлық қауіпсіздіктің маңызды элементі болып табылады. «Kaspersky» компанияның өнімдерін пайдаланушылар бар әр елде қызметкерлерді оқытуды және деректерді өңдеуді стандарттауды қамтитын пайдаланушы деректерінің құпиялылығына кешенді тәсілді ұстанады. 2019 жылдан бастап ұйым жыл сайын ISO/IEC 27001 халықаралық стандартына сәйкес деректерді басқару жүйелерін сертификаттап, олардың жоғары қорғаныс деңгейін растайды.

Сонымен қатар, «Kaspersky» ақпараттық ашықтық жөніндегі жаһандық бастаманы (Global Transparency Initiative) дамытуды жалғастыруда және есепті кезеңде клиенттер компанияның бастапқы кодымен таныса алатын тағы үш ашықтық орталығын ашты. Сондай-ақ, «Kaspersky» пайдаланушылар үшін киберқауіптерге қатысты деректерді өңдеуді Азия-Тынық мұхиты өңірінен, Латын Америкасы және Таяу Шығыстан Швейцарияға ауыстырды. 2018 жылдан бастап компания Швейцарияда деректер инфрақұрылымын құруға 5,6 миллион доллар инвестициялады.

Қауіпсіз болашақ үшін күресті жалғастыру

«Kaspersky» киберқылмыспен жаһандық күреске үнемі үлес қосады. Компания халықаралық құқық қорғау органдарымен және үкіметаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды. «Kaspersky»-дің тәжірибесі және алаяқтармен және олардың қызметі туралы кәсіби қоғамдастықпен білім алмасу есепті кезеңде 4 елде 7 ірі киберқылмыскерді қамауға алуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, «Kaspersky» пайдаланушыларды оқыту және қорғау бағдарламаларын әзірлеуді жалғастыруда. Сонымен, есепті кезеңде зейнеткерлерге арналған TRAPEZE білім беру курсы және тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерге арналған курс пайда болды. Соңғысы Еуропалық комиссияның қолдауымен құрылды.

«Kaspersky»-дің тұрақты даму туралы толық есебі мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://esg.kaspersky.com/ru/.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.