"ҚОСТАНАЙДЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ КАРТАСЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ АЙТЫЛДЫ"

Медицина, ауыл шаруашылығы, экономика және қаржы, жолдар мен инфрақұрылым, бизнесті қолдау сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасына сәйкес өңірдегі басым бағыттар болып белгіленді.

Әрбір бағыт бойынша жұмыс нәтижелері туралы Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Бауыржан Ұзынжас өңірлік орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг аясында егжей-тегжейлі хабардар етті.

Бірінші кезекте жол және инфрақұрылым саласындағы мәселелер назарға алынды, мұнда бірден бірнеше өңірде сапасыз жұмыстар анықталды, бұл ретте барлық нысандарда бір компания жұмыс істеген. Қостанай ауданы Садчиковка ауылының және Меңдіқара ауданы Первомайское, Боровское ауылдарының құрылыс объектілеріндегі Антикордың араласуы нәтижесінде барлық кемшіліктер жойылды. Қайта жүргізілген мониторинг көрсеткендей, бүгінде барлық нысандар пайдалануға берілді, абоненттерді жаңа сорғы станциясына, оның ішінде жеке аулалар мен кәсіпкерлік субъектілеріне қосу жұмыстары басталды.

Брифинг барысында жол сапасы тақырыбы да қозғалды. Мердігері бір компания болып табылатын бірқатар республикалық және облыстық бағыттардың учаскесінде көптеген бұзушылықтар анықталды.

Ол үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық жол активтері сапасы орталығының сарапшыларын тартты. Олардың қорытындысына сәйкес жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының жалпы сомасы 413163405 теңгені құрады. Нәтижесінде, сот мердігерді тұрақсыздық айыбын өндіріп ала отырып, мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп таныды. Кейіннен мердігер анықтаған ақаулар мен бұзушылықтар жойылды, ал алдын алынған залал сомасы 169 543 179 теңгені құрады. Бұл ретте мердігер ақаулар туындаған жағдайда оларды 36 ай ішінде өз есебінен түзетуге міндеттенетініне кепілдік берді.

Медицина, ауыл шаруашылығы және басқа да тәуекелдер картасымен айқындалған салаларда бүгінгі күні талдаулар мен мониторингтер жалғасуда.

Брифингте спикер "Бизнеске жол"  жобасына жеке тоқталды. Бұл жоба Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен бүкіл ел бойынша жүзеге асырылуда. Негізгі мақсат - кәсіпкерлерге әкімшілік кедергілерді, әуре-сарсаңдарды, негізсіз бас тартуларды, мерзімдерді бұзуды және олардың заңды құқықтарын іске асыру кезіндегі басқа да кедергілерді еңсеруде көмек көрсету болып табылады.

"Жоба аясында біз өңірлік кәсіпкерлер палатасымен тығыз жұмыс істейміз, азаматтарды қабылдауды, диалог алаңдарын өткіземіз, онда әркім өз бизнесінің алға жылжуына мүмкіндік бермейтін проблемалық мәселені айта алады, мысалы, біз мемлекеттік білім беру тапсырысының қызметтері туралы шарттың заңсыз нормаларын пайдаланумен бетпе-бет келген жекеменшік балабақшалар проблемасын шештік. Шарттардың бір тармағына сәйкес, қалалар мен облыстың білім бөлімдері 44 жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарға бақылау және тексеру жүргізуге заңсыз құқық берді. Бұл ретте тексеруді ұйымдастыру бойынша барлық шығыстар жекеменшік мектепке дейінгі мекемелер атынан қызмет көрсетушілерге жүктелді. Департамент мектепке дейінгі балалар мекемелері қауымдастығының, өңірлік кәсіпкерлер палатасының және білім беру органдары өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізді, нәтижесінде шарттардың талаптары қайта қаралды, ал сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар тармақ алынып тасталды", - деп хабарлады Антикор.

Бүгінгі таңда бизнестің ұқсас мәселелері күнделікті негізде зерттелуде, нәтижесінде жасанды кедергілер тудыратын нормаларға өзгерістер енгізу бойынша шаралар қабылдануда. Антикор басшылығының айтуынша, бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

  1. аватар
    Riley 20 февраля 2023 18:33

    I'll immediately grab your rss as I can not find your email subscription link or newsletter service.

    Do you've any? Please let me recognise in order that I
    may just subscribe. Thanks.

    Also visit my web-site sgpslot777

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.