«МЕҢДІҚАРА АУДАНЫНДАҒЫ СУ ҚҰБЫРЫН ҚАЙТА САЛУ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ АНТИКОРЫМЕН БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ»
2017 жылы Меңдіқара ауданында Боровское және Первомай ауылының су құбырын қайта салу басталған болатын. Аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі және мердігер ұйымы арасында 2 млрд.теңге шамасындағы сомада келісім шарт жасалған.
Алайда бүгінгі күні нысан аяқталмаған, құрылыс-монтаж жұмыстарын кешіктіруге мердігермен оларды сапасыз орындау себеп болып отыр.
Өз кезегінде жергілікті әкімдікпен жұмысты орындау мерзімдері үнемі ұзартылып отырған, қорытындысында сотқа ниетсіз компания деп тану туралы жүгінуге тура келді. Мердігер өз кезегінде нысанды сол күйінде аяқтамай, өзін банкрот деп таныды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мониторинг және талдау жүргізіп, қорытындысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің біршама қатары барын атап көрсетті. Меңдіқаралықтардың проблемасы облыс әкімдігінің және Қоғамдық кеңестің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссиясына шығарды.
Сонымен қатар, орындалған жұмыстардың нақты көлемін анықтау мақсатында Антикор белгілі сала мамандарын тартумен жауапты мемлекеттік органдардың тексеруіне бастама жасады, жобаны жүзеге асыруға жауапты мамандарға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелді.
Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Бауыржан Ұзынжас жақында проблемалық нысандар мониторингі шеңберінде Меңдіқара ауданының құрылыс алаңдарына барды.
Жергілікті биліктің сөзі бойынша ниетсіз мердігерлер шектетілді, және аталған нысанға құрылыс-монтаж жұмыстарын олар жүргізбейді. Бүгінгі күні барлық бұрын анықталған кемшіліктер жойылды, ал келер жылдың басында ауыл тұрғындары көптен күткен ауыз суға қол жеткізетін болады.
Облыстық Антикор басшысы Бауыржан Ұзынжас алдағы уақытта мердігер ұйымдары тарапынан құрылыс технологиясын бұзу фактісін болдырмауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пайдалануға берілгенге дейін жұмыстың орындалуына сүйемелдеу жасалатынын ерекше атап өтті.
Қостанай облысы бойынша СЖҚІАД
[xfvalue_img]