ШҚО-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын іске асыру бақылауға алынған

ШҚО-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын іске асыру бақылауға алынған

28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Малахов келді.

Сапар барысында Антикор төрағасының бірінші орынбасары өңірлік сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасына енгізілген бірқатар құрылыс нысандарындағы жұмыс барысымен танысты.  Атап айтқанда, «Гематология орталығы» құрылысының барысымен және Өскемен қаласында салынып жатқан жолдардың құрылысымен танысты. Аталған нысандардың құрылысы өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің жедел бақылауында.

Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Төрағасының бірінші орынбасарының қатысуымен облыс әкімдігінде облыс әкімі Даниал Ахметовтің төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес өтті.

Аталған кеңес барысында Дмитрий Малахов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі әрбір облыс пен республикалық маңызы бар қала үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын әзірлегенін атап өтті. Картаға процестердің ашық болмауына, әкімшілік кедергілердің болуына, заңнамалардағы кемшіліктерге байланысты шешімін таппай келе жатқан өзекті мәселелер енген. ШҚО бойынша картаға өңірдің экологиясына, ұзақ салынып жатқан құрылыс нысандарына, бағалы металдарды заңсыз өндіруге, жылыту маусымында көмір тапшылығына, жайылымдық жерлердің тапшылығына қатысты мәселелер кірді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өз алдына  міндетті түрде қылмыстық іс қозғауды мақсат етпейтіндігін атап өткім келеді, ең бастысы - бюджет есебінен салынып жатқан нысандар сапалы салынып, белгіленген мерзімде тапсырылса, адамдар уақытында ауыз су алады, сапалы жолмен жүреді, жаңа пәтерлерге кіреді және т. Бұл тәсіл сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті әлсіретпейді, керісінше, бізді алдын-ала әрекет ете отырып, тиімді қызмет етуге бағыттайды», - деп атап өтті Дмитрий Малахов. 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасына енген барлық бағыттар бойынша облыс әкімі Даниал Ахметов тиісті мемлекеттік органдардың басшыларына нақты тапсырмалар беріп, олардың ағымдағы жылдың соңына дейін орындалуын қамтамасыз етуді міндеттеді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.