Мас астаналық Петропавлда полиция қызметкеріне соққы жасады
Петропавлда полиция қызметкеріне қол жұмсаған елорда тұрғыны ірі айыппұл төлеуі немесе бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Ақпан айының басында сағат 02:20 шамасында Әуезов көшесіндегі «391 модуль» стационарлық бекетінде қызмет атқарып жүрген Петропавл қ. ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қимылсыз отырған адамға назар аударды. Тәртіп сақшылары оған көмек ұсыну ниетімен қасына барып жөн сұраспақ болды. Астана қаласының 44 жастағы тұрғыны мас болып шықты. Ол полицейлердің әрекетіне ашумен жауап берген. Ол қоғамдық орында мас күйінде болғаны үшін әкімшілік материал жинап жатқан полиция қызметкерлерінің біріне соққы берді.
«Аталған факті ҚР Қылмыстық кодекстің 380-бабының 3-бөлігі «Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді», - деп хабарлайды Петропавл қ. ПБ тергеу бөлімінің бастығы полиция майоры Нұржан Омаров. – Күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Естеріңізге сала кетейік, билік өкілінің қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты оған қатысты күш қолдану үшін заңмен 4 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салудан 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейінгі жауапкершілік көзделген».
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
1 пікір