Нұр-Сұлтанда тонау жасалды. Күдіктіні елордалық полицейлер ұстады
Түнгі уақытта "102" пультіне қала тұрғыны жүгініп, оны тонап кеткенін хабарлады.
Жәбірленушінің айтуынша, ол рейстен басқа аймақтан келген кезде, өзінің камазист-әріптесімен бірге спирттік ішімдік ішіп, уақыт өткізбекші болған. Жолда оларға белгісіз екі жігіт кездесіп, масайып қалған жәбірленушілерден сыра алып берулерін сұраған, олар бұған бірден келіскен. Дүкенде «камазист» төлем жасау үшін әмиянын ашқан кезде, онда жатқан 530 мың теңге көлемінде үлкен ақша сомасы қаскүнемдердің бірінің назарын аударған.
Жалғыз қалған кезде физикалық күш қолданып, әмиянның иесін тонаған. Ақшамен қоса оның "Самсунг" маркалы ұялы телефонын да алып кеткен.
Қарақшыны ұстау үшін "Сарыарқа" ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін жүргізді, нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды. Ол, 2018 жылы қарақшылық жасағаны үшін сотталған, елорданың 24 жастағы тұрғыны болып шықты. Күдікті өз кінәсін мойындап, ұрланған ақшаны қажетіне жұмсағанын айтты. Алайда жәбірленушінің телефоны тәркіленді.
"Аталған факті бойынша ҚР ҚК 191-бабы "Тонау" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат ПД УҰИ - ға қамалды", - дейді "Сарыарқа" ауданы ПБ бастығы Дулат Жұмағұлов.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті сақ болуды, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауды және бейтаныс адамдарға сенбеуді ЕСКЕРТЕДІ.
Нұр-Сұлтан қаласы ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]