Жамбыл облысында мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды
2023 жылғы 24 қаңтарда сағат 20:00-де жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Полиция департаментінің қызметкерлері Жамбыл облысының ҰҚКД-мен бірлесіп 35 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматын ұстады.
Ер адам 2018 жылдан бері Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 216-бабы 1-бөлігімен (Кәмелетке толмаған адамды заңсыз қоғамдық бірлестіктер мен діни ұйымдардың қызметіне қатысуға итермелеу) көзделген қылмысты жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде болған.
Ұсталған қылмыскер Тараз қ. Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды және Өзбекстан Республикасының құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне берілетін болады.
[xfvalue_img]