Пробация есебіндегі жастармен семинар ұйымдастырылды
Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығының қолдауымен "Мирас" жастар ұйымы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жұмыссыз және пробация есебінде тұратын жастармен семинар өтті.
Семинарға Сырдария пробация қызметінің инспекторы, Сырдария аудандық ауруханасының психологы және Жастар денсаулық орталығының психологы қатысып, жастарға түсіндірме жасады.
Семинардың басты мақсаты - жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалану және қылмыс пен құқық бұзушылыққа жол бермеу болып табылады.
Семинар барысында психолог мамандар сотталғандармен психологиялық тренинг өткізді. Жиын соңында сотталғандар сала мамандарына сұрақтарын қойып,тұщымды жауаптарын алды.
«Жастармен жүйелі жұмыстар жүргізу, психологиялық кеңес беру, жастарға ой салу және жасаған қылмысты қайталамауына септігін тигізу мақсатында өткізілген кездесуге пробация есебіндегі 14 -29 жасқа дейінгі 12 сотталған қатысты. Аудандық жастар ресустық орталығымен меморандум бар. Алдағы уақытта осы меморандум аясында пробация есебінде тұрған азаматтарды спорттық шараларға тартып, әр-түрлі көмек түрлерін көрсетіп, жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыратын боламыз», - деді аудандық пробация қызметінің инспекторы әділет майоры Н.Дүйсенбаев.
Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]