А.Ыдырысов: «Қарағанды-Балқаш» тас жолындағы құрылыс жұмыстары министрліктің айрықша бақылауындағы жоба

А.Ыдырысов: «Қарағанды-Балқаш» тас жолындағы құрылыс жұмыстары министрліктің айрықша бақылауындағы жоба

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов республикалық маңызы бар жолдардың құрылыс барысын тексеруді жалғастыруда. Вице-министр Қарағанды өңіріне барып, құрылысы қайта жанданған «Қарағанды-Балқаш» күре жолының құрылысын тексерді. Аталмыш тас жолдың жалпы ұзындығы 363 шақырым, 8 учаскеден тұрады. Құрылыс жұмыстары толық көлемде жүргілізуде.

«Қарағанды-Балқаш» тас жолы республикалық маңызы бар екі үлкен қаланың ортасында орналасқан, яғни елордамыз бен Алматы өңірін біріктіреді. Бұл жолда автокөліктердің жүру қарқыны жоғары, тәулігіне 9 мыңға жуық көлік жүріп өтеді. Аталған трассаның құрылысы министрліктің айрықша назарында. Жол-құрылыс маусымы басталғаннан бері барлық 8 учаскеде жұмыстар қайта жанданды. Сонымен қатар, құрылыс консорциумының құрамы қайта қаралды. Бас мердігерге қойылған талап – осы күре жолдың жартысынан көп бөлігінде қозғалысты қамтамасыз ету. Жұмыс қарқынын арттыру үшін қосалқы мердігерлерді жұмылдыруды тапсырдым. Жол-құрылыс маусымының соңына дейін министрлік республикалық трассалар құрылысы барысын инспекциялауды жалғастырады», - деп атап өтті вице-министр.

Айналма жолдардың санын азайтуға ерекше назар аударылып отыр.

«Бүгінгі таңда 45 шақырым жол төсемінің төменгі қабатына төселді. Учаскелерде құрылыс-монтаждау жұмыстары үшін барлық қажет ресурстар бар. Мәселен, құрылыс жұмыстарына 700 жол қызметкері мен 362 арнайы бірлік техника жұмылдырылды. Сондай - ақ, мердігер ұйымдар бес асфальт-бетон зауытын, 10-ға жуық топырақ және бетон араластырғыш қондырғыларды іске қосты», - деп атап өтті «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Қарағанды облыстық филиалының басшысы Сырым Хамзин.

Қайта құру жұмыстары аяқталғаннан кейін трасса төрт жолақты болып,І техникалық санатқа сәйкес келмек. Шарттың талаптарына сәйкес құрылысты аяқтау мерзімі 2023 жылдың соңына көзделген.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.