ИИДМ елді мекендердегі жол жөндеу жұмыстарының сапасына міндетті сараптаманы енгізу механизмін даярлауда

ИИДМ елді мекендердегі жол жөндеу жұмыстарының сапасына міндетті сараптаманы енгізу механизмін даярлауда

Жолдардың сапасы бойынша әкімдіктер рейтингінің әдістемесі биылғы жылдың соңына дейін бекітілмек. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Автомобиль жолдарының сапасын арттыруға байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасына орай ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бірқатар кешенді шараларды даярлады. Саладағы бақылауды күшейту мақсатында қолға алынған жұмыстар ішінде профильдік нормативтік актілердің маңызын жетілдіруге де жете назар аударылып отыр.

Атап айтқанда, көлік саласына қатысты жаңа заң жобасы даярланды. Ол «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК арқылы елді мекендердегі жол жөндеу жұмыстарына міндетті сараптама жүргізуді қарастырады. Ұлттық сапа орталығы сараптама барысында жөндеу жұмыстарының тиісті нормаларға сәйкестігіне байланысты қорытынды шығарады. 

Осы орайда атап өткен жөн, бүгінде жолды пайдалануға бергеннен кейін техникалық қадағалау мен жобаны жүзеге асырған мекемелер жөндеу жұмыстары барысындағы қате шешімдер мен ақаулар үшін жауапкершілікке тартылмайды.

Осы олқылықтың алдын алу мақсатындағы заң жобасы қазіргі күнде Парламент Мәжілісінің қарауында.

Сондай-ақ министрлік автомобиль жолдары саласындағы 1200-ге жуық нормативтік-құқықтық актілердің маңызын арттыруды қолға алуда. Олар мекеменің атқаратын жұмысын реттеп, бақылау сапасын күшейтеді. Аталған құжаттарға жол жөндеу жұмыстарына халықаралық тәжірибе мен технологияларды және заманауи материалдарды қолдану сынды бірқатар өзгерістер енгізу қарастырылуда.

Қосымша ынталандыру шарасы ретінде ҚР ИИДМ жолдардың сапасына байланысты әкімдердің рейтингін анықтау әдістемесін даярлауда. Ол 2022 жылдың аяғына дейін бекітілмек.

Айта кетейік, Қазақстандағы ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 157 мың шақырымды құрайды. Оның ішінде 25 мың шақырым республикалық маңызы бар жол желісі болса, 71 мың шақырым жергілікті маңызы бар жолдар санатына кіреді. Ал елді мекендердегі жолдардың ұзындығы 61 мың шақырым.

Қазіргі қолданыстағы заңға орай республикалық маңызы бар жолдарға Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен «ҚазақАвтоЖол» ҰК» АҚ тікелей жауапты. Ал жергілікті маңызы бар жолдар мен елді мекен арасындағы жолдар жергілікті атқарушы органдардың құзіретінде.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.