"Мектепке жол" акциясына ҚАЖ қызметкерлері үлес қосты
"Мектепке жол» дәстүрлі қайырымдылық науқанына Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЗК-169/5 мекемесінің ұжымы да өз үлестерін қосты.
Аталған акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мектепке дайындығына көмек көрсету.
ЗК-169/5 мекемесінің қызметкерлері көпбалалы үш отбасының алты баласына жаңа оқу жылына мектепке қажетті оқу құралдары мен оқушыларға арналған сөмке алып берді. Балалардың аналары мекеме ұжымына ризашылығын білдіріп, қызметтеріне сәттілік тіледі.
Балалардың жүзіндегі күлкі мен көңілдеріндегі қуанышты көрген мекеме қызметкерлері жаңа оқу жылында сабақтарынды үздік оқып, жақсы азамат болып өсіңдер деп тілегін білдірді. Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]
22 пікір