Балардың қуанышы қуаныштың төресі.
Елімізде жыл сайын әлеуметтік бағытта өтілетін « Мектепке жол» акциясы басталды.
«Адамға қажетті нәрсе - жұрт қамы, жұрт ісі» деп А.Байтұрсынұлы айткандай, осы қайырымдылық акциясына ЗК-169/1тергеу изоляторы қызметкерлері де өз үлесін қосты.
Мекеме бастығы,әділет майоры Қ.Илясов пен мекеменің кәсіби қызметтік және денешынықтыру даярлығы жөніндегі инспекторы, әділет капитаны, М.Тұрымбетовтың және аға сержант А. Тоқжолованың бастамасымен жеке құрам мен ерікті жалдамалы қызметкерлерді жұмылдырып, акцияға бір кісідей ат салысты.
Акция барысында жиналған қаражатқа 2 мүмкіндігі шектеулі және 1 көп балалы отбасындағы қызға мектеп сөмкелері мен оқу құрал-жабдықтарын алып беріп, қаржылай көмек көрсетті.
- Менің қызым мүмкіндігі шектеулі бала болғандықтан, үйде оқытылады.Үйде оқытылса да,мектепке баратын басқа балаларымнан кем көрмейміз. Әкесі екеуміЗ көңілі көтерілсін деп, тәуірлеу оқу –құралдарын алып беріп отырамыз. Бойжетіп келе жатқан қыз бала болған соң, әдемі заттар пайдаланғанды жақсы көреді. Бүгін де міне, погондағы қызметкерлер сәнді сөмке мен біраз оқу- құралдарын әкеліп берді. Қызыма бұл тосын сый болды. Демеушілік танытқан мекеме қызметкерлеріне сыйлықтары үшін рахмет айтамын - деді, 9 сынып оқушысы Гүлназдың анасы.
Ал келесі көпбалалы жалғызбасты ананың қызы Жібек есімді бүлдіршін апарған сыйлықтарды көріп қуанып қалды.
- Мен де бес ұл, бір қыз бар. Оның біреуі әлі мектепке бармайды. Әкелері дүниеден өткелі бес оқушыны жаңа оқу жылына киіндіріп,оқу құралдарымен қамтамасыз ету бір өзіме ауырлық тудыруда. Қызыма әкелген сыйлықтарыңыз бен қаржылай көрсеткен көмектеріңіз үшін алғысым зор - деп, ризашылығын білдірді жалғыз басты ана.
Балалардың қуанышы- қуаныштың төресі демекші, балаларға қуаныш сыйлаған тергеу изоляторының қызметкерлері бұндай игі амалдары бұдан әрі де жалғастыра бермек.
[xfvalue_img]