«Мектепке жол» акциясы
Мұғалжар аудандық сотының ұжымы жаңа оқу жылының қарсаныңда «Мектепке жол – Дорога в школу» республикалық акциясы аясында аз қамтылған жанұялардың оқушыларына, жетім балаларға қайырымдылық көмегін көрсетті.
Акцияның мақсаты – көп балалы және аз қамтылған жанұялардың оқушыларына, жетім балаларға, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету, кеңсе тауарлары, киім-кешкетің және тағы да басқа құралдардың жоқтығынан балалардың мектепке бара алмаудың алдын-алу болып табылады.
Акция аясында аудандық сот ұжымы балаларға материалды көмек көрсетіп, балаларға қажетті мектеп формасымен, кеңсе тауарларымен қамтамасыз етті.
Шара барысында сот төрағасы м.а. Ж.М.Сейтжапаров сот ұжымы атынан сыйлықтар табыс етіп, балаларға жаңа оқу жылында сәттілік және болашақта үлкен белестерге жетуге тілектестік білдірді.
Шара соңында ата-аналар және мектеп оқушылары аудандық сот ұжымына өз алғыстарын жеткізді.
Мұғалжар аудандық соты
[xfvalue_img]