Нұр-Сұлтанда базарлардың бірінде ер адамның ақшасы бар барсеткасын ұрлап кеткен
Полицияға қала тұрғыны хабарласып, базарда белгісіз біреу оның ақшасы бар барсеткасын ұрлап кеткенін айтып арызданған. Тергеу барысында қаскүнем Тәуелсіздік даңғылы бойындағы базарда болып, сатып алушының назары басқа жаққа ауған сәтті пайдаланып, оның мүлкін ұрлап кеткені анықталды.
Нұр-Сұлтан қаласы ПД Алматы аудандық ПБ криминалдық полиция қызметкерлері аталған қылмысты жасады деген күдікпен 38 жастағы қала тұрғынын ұстады. Ол кінәсін мойындады.
Аталған факті бойынша «ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, ұсталған азаматтың елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарды қырағы болуды, жұмыс орнын қараусыз қалдырмауды ескертеді.
Нұр-Сұлтан қ. ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]