Анасының алтын сақинасын ойынқұмар ұлы ұрлап кетті
Полицияға елорда тұрғыны оның үйінен құны 450 мың теңге тұратын алтын сақинасы жоғалғаны туралы арызданған.
Тергеу барысында полиция қызметкерлері оның 18 жасар ұлының ұрлыққа қатысы бар екенін анықтады. Жас жігіт үйде анасы жоқ екенін пайдаланып, зергерлік бұйымдарын ұрлап кеткен. Қаскүнем сақинаны сатып, одан түскен ақшаны букмекерлік кеңсеге ұтысқа тігуге жұмсамақ болған.
Айғақты дәлелдермен жігіт өз әрекетін мойындады. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Заттай дәлелдемелер алынды.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға ескертеді.
Нұр-Сұлтан қаласы ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]