Нұр-Сұлтанда ЖОО-ның студенті «iPhone-13» ұрлағаны үшін ұсталды
Күдікті ЖОО-ның бірінің төртінші курс студенті екені және қалалық ауруханада қосымша жұмыс істейтін болғаны анықталды. Таңертеңгі уақытта, ауысым кезінде ол қабылдау бөлімшесінің санитарлық блогында болып, «iPhone-13» маркалы ұялы телефонын ұрлап кеткен. Аталған ұрлықтан зардап шеккен елорда колледжінің бірінде оқитын және қосымша жұмыс жасап жүрген оның әріптесі болды.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында ұрлық жасады деген күдікпен 22 жастағы жігітті ұстады.
Жас жігіт кінәсін мойындады, заттай айғақтар тәркіленіп, иесіне қайтарылды, оның бұрын елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығына тексеру жүргізілуде.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарға қырағы болуға, құнды заттарды қараусыз қалдырмауға және бейтаныс адамдарға сенбеуге кеңес береді.
Нұр-Сұлтан қ. ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]