Пробация бақылауындағы азаматтар балық аулау жарысына қатысты
Жалағаш ауданында «Наркескен» спорт клубының ұйымдастыруымен «Асар» көлінде балық аулаудан жарыс өтті. Жарысқа аудан ардагерлерімен бірге пробация есебіндегі сотталғандар да қатысты.
Жарыс шарты бойынша межелі уақыт ішінде кім көп балық ауласа сол азаматтар жарыс жеңімпазы атанды.
«Мен үшін балық аулау таза ауада, тұнық судың бойында жүйкең демалатын спорт түрі. Қолым қалт етсе қармағымды алып балық аулауға барамын. Бүгінгі жарысқа ауыл ардагерлері балық аулауға құрал-саймандарын сақадай сай әкеліп, белсенділік танытып қатысып жатыр. Мен екі ғана балық ұстадым. Біз үшін табиғат аясындағы табиғат аясындағы демалыс пайдалы, әрі олжалы болды»,- деді есептегі азамат.
Осылайша, аудан ардагерлері мен есептегі азаматтар арасында салауатты өмір салты насихатталып, ерекше спорттық жарысты ұйымдастырған «Накерскен» спорттық клубына пробациялық бақылаудағы азаматтар шексіз ризалығын білдірді.
Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]