СҚО полицейлері балық аулаушыларға уылдырық шашу кезеңі туралы ескертеді
Табиғат байлығын сақтау – табиғатты қорғау полициясы бөліністеріне жүктелген міндеттердің бірі. Тәртіп сақшылары СҚО-да уылдырық шашу кезінде балық аулауға болмайтын кезеңнің мерзімдерін еске салады. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушының бұйрығына сәйкес Есіл бассейні қоймаларындағы балық ресурстары және басқа да су жануарларының уылдырық шашуы және көбеюі кезеңінде: шортан, аққайран және көксеркені – 15 сәуірден 15 мамырды қоса; сазанды (тұқы) – 20 мамырдан 20 маусымды қоса; гаммарусты – 1 тамыздан 14 қыркүйекті қоса; артемий цисталарын – 1 наурыздан 15 маусымды қоса; өзен шаяндарын – 1 маусымнан 15 шілдені қоса кезеңде аулауға (аулау, жинау, дайындау) тыйым салынады.
Сондай-ақ, сәуірдің 20-сы мен маусымның 20-сы аралығында Ақмола және Солтүстік Қазақстан облысы шеңберіндегі Есіл, Нұра, Сілеті өзендерінде және олардың барлық салалары мен қоймаларында балық аулауға тыйым салынған.
«Уылдырық шашу кезеңінде табиғатты қорғау полициясы мен басқа да мүдделі ведомстволардың бірлескен рейдтік іс-шаралары күшейтіледі, - дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Айдын Байматов. – Балық аулаушыларды заңнама талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз. Тыйым салынған мерзімде балық аулау ережелерін өрескел бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 383-бабымен қатаң жауапкершіліктің – жеке тұлғаларға 20 айлық есептік көрсеткішке дейін, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 250 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу қарастырылғаны туралы еске саламыз».
Жалпы жыл басынан СҚО-да ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 383-бабы бойынша 86 адам жауапқа тартылған.
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]