Microsoft — Work Trend Index жаңа зерттеуі: әлем бойынша екі миллиард қызметкер клиенттермен тікелей қарым-қатынаста жұмыс істейді

Microsoft — Work Trend Index жаңа зерттеуі: әлем бойынша екі миллиард қызметкер клиенттермен тікелей қарым-қатынаста жұмыс істейді

 

Пандемия кезінде алдыңғы шепте жұмыс істейтін қызметкерлер Microsoft Teams-ті 400 %-ға көбірек пайдаланды.

Алматы, 23 ақпан – Қаңтарда Microsoft корпорациясы Work Trend Index-тің «Технологиялар алдыңғы шептегі қызметкерлер үшін жаңа болашақты аша алады» деп аталатын есебін шығарды, сондай-ақ клиенттермен тікелей қарым-қатынаста жұмыс істейтін миллиондаған қызметкерлерге арналған Microsoft Teams және Microsoft Viva қосымшаларының жаңа функцияларын қысқаша таныстырды.

Алдыңғы шептегі 2 миллиард қызметкер бүкіл әлемдегі жұмыс күшінің 80 %-ын құрайды, бұл ретте ұйымдардың 88 %-ы осындай лауазымдарға адамдарды жалдайды. Жұмыс процестерін жаңғырту, өнімділікті арттыру, еңбек мәдениеті мен ұжым ішіндегі өзара қарым-қатынастарды  жақсарту үшін, компаниялар клиенттермен тікелей қарым-қатынаста болатын қызметкерлерге арналған цифрлық құралдарға барған сайын көбірек инвестиция салатын болады. Microsoft мұндай қызметкерлер арасында бірлескен жұмысқа арналған Teams платформасының барынша белсенді пайдаланылып отырғанын атап өтті: 2020 жылдың наурыз айынан бері компания қосымшаны пайдаланудың 400 %-ға өскенін айтады.

Work Trend Index есебі жұмыс процестерінің барлық құрамдастарына әсер ететін негізгі көрсеткіштерді ашады:

  • Қамқорлық мәдениеті — бұл алдыңғы шеп жұмысындағы жаңа тренд: қызметкерлердің 76 %-ы бір-бірімен өзара байланысты сезінеді, алайда 60 %-дан астамы олардың компанияларында басшылардың мәдениет пен коммуникацияларға көбірек көңіл бөлуі керектігін айтады. Бұған қоса, сұралғандардың басшылық емес лауазымдарда отырған және клиенттермен тікелей жұмыс істейтін 51 %-ы өздерінің бағаланатынын сезінбейді екен.
  • Қызметкерлер өзгерістер кезеңін бастан өткеруде: «үлкен қайта құру» аясында, көптеген ұйымдар өздерінің операциялық модельдерінің икемділігін, соның ішінде адамдардың жұмысын ұйымдастыру тәсілдерін, олар тұратын және жұмыс істейтін жерлерді, және бизнес процестеріне қолданылатын тәсілдерді қамтамасыз етуге тырысып жатқанда, мұндай қызметкерлер жұмысын ауыстыру үшін себеп ретінде біршама жоғары жалақыны, жеңілдіктерді, сондай-ақ жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті атап өтеді.
  • Технологияларға қатысты оптимизм: технологиялардың дамуымен бірге пайда болатын мүмкіндіктерге клиенттермен жұмыс істейтін қызметкерлердің 63 %-ының көңілдері толады. Бұған қоса, сұралған қызметкерлердің пікірінше, технологиялар жұмыс орнындағы стресс деңгейін төмендете алатын факторлар тізімінде үшінші орынды алады.
  • Технологияларды меңгеру және қызметкерлерді оқыту деңгейіндегі олқылықтардың орнын толтыру мүмкіндігі: респонденттердің 46 %-ы жаңа технологияларға бейімделу қажеттігін сезінеді немесе жұмысынан айырылып қалудан қорқады, бұл орайда олардың 55 %-ы жаңа технологияларды жұмыс барысында, қосымша оқымастан немесе практикадан өтпестен, өздігімен зерттеп үйренуге тура келгенін айтады. Бүгінде Microsoft-та салалық әріптестермен бірлесе әзірлеген және 2021 жылдың басында іске қосылған, алдыңғы шептің қызметкерлерін Teams және Viva қосымшаларында қолдауға арналған жаңа ұсыныстар мен мүмкіндіктер қолжетімді болып отыр.
  • Microsoft инновациялық цифрлық шешімдер саласындағы әлемдік көшбасшы болып табылатын Zebra Technologies корпорациясымен өзінің стратегиялық қарым-қатынастарын тереңдетуде. Мұндай шешімдерге бағдарламалық және аппараттық жабдықтау жатады, мысалы, адамдармен жұмыс істейтін қызметкерлерге арналған Android қорғалған мобильді компьютерлері. Компаниялар бірлесе отырып, Zebra мобильдік құрылғыларының кең спектріне арналған Teams Walkie Talkie қосымшасын әзірлеп шығарды, онда арнайы функция қарастырылған, ол – Zebra құрылғыларында Teams Walkie Talkie-ге кіруге арналған «бас та, сөйле» батырмасы. Бұл функция барлық мобильдік құрылғыларда қолжетімді, Android-та ғана емес, iOS-та да.
  • Microsoft Teams пен Zebra Reflexis™ ықпалдастығын жақсартуда, ол Reflexis Workforce Management шешімдерін Teams-тегі Shifts қосымшасымен біріктіреді. Осы жаңа интеграция Teams-та жұмыс ауысымдарын жоспарлау мен жұмыстан сұрануларды жеңілдетеді, сөйтіп менеджерлерге оларды жылдам әрі оңай бекітуге мүмкіндік береді.
  • Енді Teams қосымшасында виртуалды кездесулерді жоспарлауға болады, онда күту кезеңдері туралы, өткізіп алған кездесулер мен кешігулер туралы ақпарат бір ғана платформада жиналған және шынайы уақыт режимінде жаңартылады, бұл процестердің ашықтығын жоғарылатуға және клиенттердің стресске түсуін төмендетуге мүмкіндік береді.
  • Microsoft Teams-тегі Viva Connections қосымшасы қызметкерлерді шынайы уақыт режимінде компанияның мәдениетімен, ресурстарымен және құралдарымен, жаңалықтармен және қызметкерлердің топтарымен байланыстырады. Workday және Espressive сияқты стратегиялық әріптестермен ықпалдастық маңызды ресурстарға оңай қол жеткізуге және еңбекақы мен кадрлық ресурстарды аудару сияқты әрекеттерді бір платформаға орналастыруға мүмкіндік берді.
  • Viva Learning қосымшасы қызметкерлерге білім беретін контентті Microsoft Teams-тің тура өзінен табуға, бөлісуге және қадағалауға мүмкіндік береді, бұл компанияның және бүкіл қызметкерлердің жұмысын жеңілдетіп, олардың қажетті және ұсынылатын тренингтер мен оқу курстарына қол жеткізулеріне мүмкіндік береді. Жаңартулар SAP SuccessFactors, Cornerstone OnDemand және Saba Cloud сияқты әріптестік шешімдердің көмегімен оқуға номинация процесін жеңілдетеді. EdCast және OpenSesame сияқты білім беретін провайдерлермен әріптестік қатынастар қызметкерлерге тренингтерді жұмыс процесімен біріктіре отырып, оқуға және біліктіліктерін арттыруға көмектесетін контенттің ауқымды кітапханасын ұсынады.
  • АТ мамандары үшін құрылғыларды жақсартылған басқару ортақ қолжетімділіктегі осал құрылғылардың оңай табылуы және қорғалуы мүмкін екендігіне кепілдік береді.

«Пандемия жұмыс процестерін өзгертетіні, және біздің бұрынғы көріп жүргенімізден әлдеқайда жылдам қарқынмен өзгертетіні ешкімге құпия емес, — дейді Microsoft Қазақстан директоры Сергей Лещенко. – Алдыңғы шепте жұмыс істейтін қызметкерлердің мүмкіндіктерін кеңейту, бұрынғысынша, цифрлық трансформациялар үшін маңызды мәнге ие. Біз өз әріптестерімізбен бірге ондай қызметкерлерді бүкіл назарын клиентке немесе істеп жатқан жұмысына шоғырландыра отырып, өз командасымен және компания басшылығымен байланыста қалуға мүмкіндік беретін құралдармен жабдықтаймыз. Біз дұрыс енгізілген технологиялар жұмыс процестерін жаңғыртып, еңбек өнімділігін жоғарылата алады, сондай-ақ жұмыс мәдениеті мен командадағы қарым-қатынастарды жақсарта алады деп санаймыз».

Бұған қоса, 1 ақпанда Microsoft Cloud for Retail жалпыға қолжетімді болды.

Бөлшек саудаға арналған Microsoft бұлты бизнестің өсуін жеделдетіп, бөлшек сауда үшін ритейлерлердің бұрыннан бар жүйелерімен тұтасып кететін сенімді шешімдерді ұсынады. Процесс сатып алушының жолындағы деректердің бөлек-бөлек көздерін біріктіруден басталады, бұл сатушыларға өз деректерінің құндылығын мейлінше молайтуға және тұтынушы мен оның қажеттіліктеріне біртұтас көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қосқаннан кейін деректер мен жасанды интеллект ритейлерлерге өз клиенттерін жақсырақ түсінуге және сатып алу тәжірибесін жақсартуға көмектеседі. Бөлшек сауда тізбегі бойынша тапсырыс берілген қызметтерді ұсына отырып, сатушылар нақты уақыт режимінде үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ете алады. Сондай-ақ, шешім дүкен қызметкерлерінің мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған  Microsoft Teams және Viva жаңа мүмкіндіктерін қамтиды.

Толығырақ білу үшін, Microsoft ресми блогына, Microsoft 365 блогына кіріңіз және Work Trend Index report жаңа есебін оқыңыз.

Microsoft туралы

Microsoft (Nasdaq “MSFT” @microsoft) «интеллектуалдық бұлт» және «интеллектуалдық технологиялар» дәуірінде цифрлық трансформацияға қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді. Компанияның миссиясы – планетадағы әр адамға және ұйымға көп нәрсеге қол жеткізуге мүмкіндік беру.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

  1. аватар
    Pexqma 2 июня 2022 04:46

    prednisolone 5mg over the counter - <a href="https://predsolone.store/">buy generic prednisolone 20mg</a> buy sildenafil without prescription

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.