Мемлекеттік органдардың азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылының әлеуеті
Елордалық Достық Үйінің алаңында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Ілияс Базилов, мәслихат депутаттары мен жұртшылық өкілдерінің қатысуымен «Мемлекеттік органдардың азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл әлеуеті» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.
Ағымдағы жылғы ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және оған қарсы іс-қимылға бағытталған мемлекеттік органдар жұмысының бірізділігін айқындайтын құжат қолданысқа енгізілді.
Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға, сондай-ақ қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік аппараттың алдына қойылған 6 негізгі міндет айқындалған.
Мұндай шараларға: парасатты қоғамды қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық үшін мүмкіндіктерді болдырмау, жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету, азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға тарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігіне мониторинг жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның қызметін одан әрі жетілдіру жатады.
Өз кезегінде, мемлекеттік органдардың алдына қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін тиісті іс-қимыл жоспары әзірленді, ол азаматтардың, бизнес-қоғамдастықтың және мемлекеттік құрылымдардың мінез-құлқына сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды тиімді енгізуге ықпал етеді.
Іс-шарада азаматтық және мемлекеттік сектордың өзара іс-қимыл тетіктері талқыланды, Тұжырымдаманың негізгі ережелері назарына жеткізілді.
Мәселен, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, жоспарланған жұмыста қоғамның парасатты қоғам қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды өткізуге қатысуына ерекше рөл берілген, мемлекеттік аппараттың халықпен өзара іс-қимылының жүйелі шаралары тұжырымдалған.
"Тұжырымдаманы әзірлеу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және мемлекеттік басқару жүйесінде де, жеке секторда да сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен оған қарсы іс-қимылдың жаңа тетіктерін енгізуге ерекше назар аударылды. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының алдын алу барлық мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен жұртшылықтың алдында тұрған ортақ міндет болып табылады".
[xfvalue_img]
7 пікір