АДАЛДЫҚ-АРДЫҢ ІСІ
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған «Адалдық-ардың ісі» атты республикалық практикалық дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге Нұр-Сұлтан қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаменті басшысының бірінші орынбасары И.С. Базилов, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Басқарма мүшесі – әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор, академик Д.Қамзабекұлы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі К.Т. Бекимова, ҚР Сыбайлас жемқорылыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Парасат жолы» орталығының жетекшісі С.Түгел, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қ.Т. Қамбаров, «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры Д.Р. Рахметуллин, ҚР Сыбайлас жемқорылққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің арнайы мониторинг тобының жетекшісі А.Р. Рахматуллин, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ «Jastar» дипартаментінің директоры Ж.А. Тілепов және онлайн-форматта студенттер мен этика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуекелдер жөніндегі өңірлік уәкілдер қатысты.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалық новеллаларды түсіндіру, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қоғамда парасаттылық, адалдық, сенім құндылықтарын ілгерілету.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оны тудыратын себептер мен жағдайларды жою, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік атмосферасын құру жоғары білім беруді дамытудың жалпы тұжырымдамасының негізгі бағыттары болып табылады.
Ілияс Базилов алдағы 5 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы туралы егжей-тегжейлі тоқталып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің жұмысында әділдік пен парасаттылық басты қағидаттар болып табылатынын атап өтті.
Академик Дихан Қамзабекұлы сыбайлас жемқорлық тарихынан мысалдар келтіріп, жастарды нөлдік төзімділік танытуға шақырды.
Кездесуге қатысушылар сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалардың тиімділігін бағалау әдістерін, ашықтықты қамтамасыз ету және қоғамдық бақылау тетіктерін, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылыққа тарту практикасын талқылады.
[xfvalue_img]