ЕЛОРДАДА «RESTO-2021» РЕСТОРАТОРЛАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ХАЛЫҚАРЫЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТЕДІ
Форум алаңында спикерлер мен рестораторлар еліміздің мейрамхана бизнесін дамыту мәселелері мен перспективаларын талқылап, кейстерді талдайды. Басқару саласындағы сарапшылар өздерінің білімі мен дағдыларымен бөліседі, тиімді команда құру және бизнесті қалай кеңейту керегін айтады. Шара Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған.
Кездесу барысында бизнесмен, «Ресей рестораторлары мен отельерлері федерациясының» президенті, кәсіпкерлер құқығының бұзылуын жою мәселелері жөніндегі қоғамдық омбудсмен, РФ президенті жанындағы ұлттық кеңес жанындағы қонақжайлылық саласындағы ӘКК төрағасы Игорь БУХАРОВ баяндама жасайды.
Сонымен қатар, қонақтар арасында Gōsht group (Gosht мейрамханасы, Gosht Mahalla фаст-фуд мейрамханалар желісі), негізін қалаушы және тең иесі Blackstarburger Uzbekistan компаниясының негізін қалаушы және бас директоры Абдурашид ИМИНОВ.
«Тигрус» мейрамхана холдингінің тең негізін қалаушы, президенті (Osteria Mario италиялық мейрамханалар желісі, «Швили» грузин асханасы желісі, BarBQ cafe желісі) Хенрик ВИНТЕР.
Форумның арнайы қонағы – Good Project негізін қалаушы, Selfie Astana WRF, «На Крыше» мейрамханасы, Maléna бары, Lilou бары, «Две Реки» мейрамханасының рестораторы Гурген БАСЕНЦЯН.
Форум туралы толық ақпарат https://resto.associates/ сайтында
Өтетін күні: 2021 жылғы 13 желтоқсан, сағат: 10:00
Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 55/18
[xfvalue_img]