Әнші Манижа гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы жаһандық науқан аясында Алматыға сапармен келді
9 желтоқсан, Алматы қ. - "Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-әрекеттер" жаһандық науқаны шеңберінде Алматыға әнші, "Евровидение 2021" финалисі және БҰҰ Босқындар істері жөніндегі агенттігінің (БЖКБ) Ізгі ниет елшісі Манижа Сангин келді.
Әнші "SILSILA" өмірлік қиын жағдайда адамдарды қолдау және қорғау қорының құрылтайшысы ретінде Қазақстанға келеді. Бүгін Алматы қаласында гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы жаhандық науқанына орай, "БҰҰ-әйелдер" құрылымы мен БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі агенттігі ұйымдастырған Манижаның қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Іс-шара спикерлері ретінде БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори, Қазақстандағы "БҰҰ-әйелдер" өкілі Мария Доценко, Ханс Фридрих Шоддер, Орталық Азия бойынша БҰҰ БЖКБ-ның Өкілі де сөз сөйледі.
"Мен үшін бұл 16 күн –жылдың ең қымбатты күндерінің бірі. Анам Наджиба Усмановамен бірге мәдени дәстүрлерді, менталитетті және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлігіндегі заңнамалық тәжірибені зерделеу үшін біз Орталық Азия елдеріне сапармен келіп отырмыз, қоғамдық ұйымдардың жұмысы қалай құрылғанын және әйелдердің жергілікті жерлерде қалай көмектесетінін қараймыз. Біздің міндетіміз – SILSILA қорының хаттамаларын құру және Ресейде көрсетілетін көмек бағдарламасын жасау. Бірақ көрші елдердің тәжірибесінсіз біз істей алмаймыз. Қазақстан біз үшін картадағы маңызды нүкте", - деп хабарлады Манижа.
Манижа өз жұмысын ағымдағы жылдың 25 қарашасында "Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-әрекеттердің 16 күні" жаһандық науқанының бірінші күні бастаған өз қоры туралы айтты. Әнші Қазақстанға Қырғызстаннан келді, онда да SILSILA қорының тұсаукесері өтті.БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори атап өткені: "16 күндік белсенділік бізді гендерлік зорлық-зомбылық және оның жойқын әсері туралы қоғамның хабардарлығын арттыруға, зорлық-зомбылыққа қатысты менталитетті өзгертуге, әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі күш-жігерімізді жандандыруға шақырады. Осының бәріне қол жеткізу үшін бізге тиімді ынтымақтастық пен табысты серіктестік қажет. Мен Манижаны Қазақстандағы БҰҰ-да қарсы алуға және оның жергілікті әйелдер бастамаларымен тәжірибе алмасуға, және гендерлік зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамдармен кездесуге деген ұмтылысын қолдауға қуаныштымын".
Өкінішке орай, гендерлік зорлық-зомбылық мәселесі әлемнің барлық елдері үшін өзекті. Әлемдегі әрбір үшінші әйел өмір бойы зорлық - зомбылыққа тап болады. Күн сайын әлемде гендерлік зорлық-зомбылықтың салдарынан 137 әйел қайтыс болады. Зардап шеккендердің тек 40%-ы қандай да бір көмекке жүгінеді. Сонымен қатар, пандемия басталған кезде жағдай нашарлады. Ағымдағы жылдың 10 айында, ресми статистика бойынша, Қазақстанда тұрмыстық жанжалда 48 әйел қаза тапты, 1600-ден астам қыз бен әйел гендерлік зорлық-зомбылыққа байланысты қылмыстардан зардап шекті.
"Біз Үкіметтің осы құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті одан әрі күшейтуді және зорлық-зомбылықтың алдын алумен, және оны басынан өткергендерге көмек көрсетумен айналысатын барлық құрылымдар мен ұйымдардың үйлестірілуін жақсартуға деген ниетін қолдаймыз. Сонымен қатар, біз Қазақстандағы тұрмыстық зорлық - зомбылықты криминализациялау бойынша серіктестеріміздің ұсынымдарын қолдаймыз",- деп мәлімдеді Қазақстандағы "БҰҰ-әйелдер" өкілі Мария Доценко.
Сапар барысында Манижа және оның командасы халықаралық сарапшылармен, қоғамдық белсенділермен, дағдарыс орталықтарының өкілдерімен, құқық қорғау ұйымдарымен, пікір көшбасшыларымен кездеседі. SILSILA қоры қиын өмірлік жағдайдағы адамдарды, соның ішінде мигранттарды, босқындарды және тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерді белсенді қолдаумен айналысуға ниетті.
"Жаһандық деңгейде босқындар немесе ішкі жер аударылғандардың арсында әрбір бесінші әйел сексуалды зорлық - зомбылыққа тап болады. Бұл мәселені шешу үшін билік тарапынан азаматтық сектордың, халықаралық қоғамдастықтың және Манижа сияқты ізгі ниет елшілерінің қолдауымен іс-шаралар қажет. Біз Манижаның гендерлік зорлық - зомбылықтан зардап шеккен адамдар, соның ішінде жер аударылған әйелдер мен қыздар үшін құқықтық және басқа да көмек түрлеріне қауіпсіз қол жеткізуді ілгерілету жөніндегі бастамасын жоғары бағалаймыз", - деді Ханс Фридрих Шоддер, Орталық Азия бойынша БҰҰ БЖКБ-ның Өкілі.
"Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-әрекеттердің 16 күні" жаһандық науқаны жыл сайын 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында өтеді. Естеріңізге сала кетейік, биыл Қазақстан гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы жаһандық Іс-қимыл коалицияға қосылды. Сонымен қатар, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату мәселесін қарау және 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын өзектендіру қажеттігі туралы мәлімдеді.
#ҚыздарЖасасын #ЗорлықЗомбылықТоқталсын #ҚызғылтСарыӘлем #16күн
Қосымша ақпарат бойынша:
- Динара Құсаин, Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» Коммуникация және адвокация талдаушысы, +77018167706, dinara.kussain@unwomen.org
- Эльнара Байназарова, БҰҰ-ның ҚР Тұрақты үйлестірушісі кеңсесінің Кеңесшісі, +77019400086, bainazarova@un.org
- Елена Сим, БҰҰ Босқындар істері жөніндегі агенттігінің (БЖКБ) Сыртқы істер қызметкері, +77019936743, sim@unhcr.org
- Василина Воркова, «Жарық сәулесі» Бастамасы Орталық Азия және Ауғанстан өңірлік бағдарламасының Кеңесшісі, +7 707 705 0025, vorkova@undp.org
Ұйымдастырушылар мен серіктестер
- SILSILA қоры https://silsila.help/
- Қазақстандағы БҰҰ @uninkazakhstan, https://kazakhstan.un.org/
- БҰҰ-әйелдер @unwomenkazakhstan, https://eca.unwomen.org
- БҰҰ Босқындар істері жөніндегі агенттігі (БЖКБ) https://www.facebook.com/unhcr.ca/, unhcr.org/centralasia
- «Жарық сәулесі» Бастамасы Орталық Азия және Ауғанстан өңірлік бағдарламасы https://www.facebook.com/TheSpotlightInitiative/
[xfvalue_img]
25 пікір