Бәйтерек 16 күнге қызғылт сары түске айналды
Елордалық көрнекті орны Бәйтерек қызғылт сары түспен жанды. Бұл әрекетімен Нұр-Сұлтан "Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні" жаһандық науқанға қосылды. #ORANGETHEWORLD - бұл науқанның ресми ұраны және хэштегі. Дәстүр бойынша, 25 қараша мен 10 желтоқсан арылығында әлемдік көптеген көрнекті жерлерінде қызғылт сары жарық қосылады.
"Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн" жаһандық науқаны кеше, Халықаралық әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықты жою күні басталып, 10 желтоқсан Дүниежүзілік адам құқықтары күніне орай аяқталады. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жаһандық Коалицияға қосылды. Бұл туралы мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 1 шілдедегі "Теңдік ұрпағы" форумында сөйлеген сөзінде мәлімдеді.
"БҰҰ-әйелдер" Қазақстандағы дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдар басшыларының гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы тұруға шақыратын бейне үндеуін іске қосты. Бүгін. 16 күні бойы. Және әр күн сайын. Сонымен қатар, Қазақстанда қызмет ететін миссия мен ұйымдардың 35 басшылары осы мәселе бойынша бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Зорлық-зомбылықты тоқтатайық. Бірге.
[xfvalue_img]
17 пікір