«Бүгінгі ұрпақ – ел болашағы»
Бала бойына жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып олардың өнегелі де тәрбиелі болуына ата – аналармен мен ұстаздардың алатын орны ерекше.
Кез келген ұлтты қалыптастыратын орта - оның ұлттық мектебі.
Ұлтымыздың болашағын ойлаған алаштың ардақтылары мұны әрқашан ескеріп отырған.
Қазақ халқының ұлы перзенті Мұстафа Шоқай «Ұлттың мәдениеттен жұрдай рухпен тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жақтайтын пайдалы азамат шықпайды»- деп, ұлт болашағын ұлттық мектепте, ұлттық рухта тәрбиелеу керектігін көрсеткен.
Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді көтерген кезеңде қолға алар ісіміздің бірі – ұрпақ тәрбиесі болды. Халқымыздың болашағы – бүгінгі ұрпағы.
Бүгінгі таңда елімізде болған қуанышты жаңалықпен бөліскім келіп отыр. Мектебіміздің оқушылары, яғни менің оқушыларым: Абдрахменов Арыстан, Абжанова Айкүміс, Бозжигитова Данель және Жаймағанбетова Назар әлемде жақсы танылған джиуджитсу спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасы атынан әлем чепионатына Абу Даби қаласына шақырту алды.
Осы чемпионатқа қатысқан оқушылар арасынан Абдрахманов Арыстан әлемдік додада алтын медальды жеңіп алып, еліміздің абыройын асқақтатып, әлем чемпионы атанды. Бұл жеңіс біз үшін – тарихи сәт!
Балаларымызды қалай тәрбиелесек болашағымыз солай болмақ. Еліміздің болашағы – ертеңгі тәрбиелі ұрпақ екенін естен шығармауымыз қажет. Сол тәртіпті, тәрбиелі ұрпақ өсіру – баршамызға ортақ, әрі міндет.
Болашақ мемлекетіміз ұрпаққа деген сабақтастықтан туындайтын дүние болғандықтан, әр халықтың болашағы жастарына тәуелді екені даусыз мәселе.
Егер бүгін жастар өз халқының рухымен тәрбиеленіп өспесе, онда елдің келешегі бұлыңғыр болмақ. Өйткені, ұлттың барша мұрасы жастарға аманат етіледі. Ал, жастар оны сақтамаса және өзінен кейінгілерге тапсырып кетпесе, біртіндеп ұлттың атауы да өшіп жоғалмақ.
Бүгінгі жастардың қоғамдық өмірден еш уақыт қол үзбей, өз елін сүюге, салт - дәстүр мен әдет - ғұрпын білуге тәрбиелеуге бүгінгі педагогика ғылымдарының алдында тұрған зор міндеттердің бірі. Қай ғасырда болсын ұлт өмірін өркендетуші саналы да салауатты, ұлтжанды, рухы биік парасатты ұрпақты тәрбиелеу – қоғам алдындағы басты міндеттердің бірі.
Қазіргі кезде «Жастар – еліміздің болашағы» деген қанатты сөзді жиі айтамыз. Ал, сол жастардың болашағы, Отанымыздың ертеңгі тағдыры өзіміздің бүгінгі қызметімізді қалай атқарып жүргенімізге тікелей байланысты. Ұрпақтарымыз ұлағатты болсын десек, «ұлы сөзден – ұлағат» екенін ұғындыра білуіміз қажет.
Сонда ғана «ұлтым» деп мақтанатын болашақта тәуелсіз еліміздің мақтанышына айналатын ұрпақ болатыны сөзсіз.
Ақмола облысы, Целиноград ауданы,
Рахымжан Қошқарбаев ауылы
«Р.Қошқарбаев ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ
Қазақ тілі әдебитеі пәні мұғалімі
Абильдинова Рабига Шингисовна.
[xfvalue_img]