Тіл тағдыры – ұрпақ тағдыры

Тіл тағдыры – ұрпақ тағдыры

Тіл- мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Тіл қай елде, ұлтта болсын қастерлі, қасиетті, құдыретті.Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып саналады. Қазақ тілі - әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, келбетті тілдердің бірі. Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі. Амал не, туған тілімізді шұбарлап, аралас сөйлейтіндерді жиі кездестіреміз. Басқа халықты айтпағанда, өз ішіміздегі шала қазақтарды таза қазақ қылатын кез болды. Бүгінде де кейбіреулердің қазақ тілін білмеуі, білсе де сөйлемеуі - қазақ тілін жақсартып, биік белестерге көтермеуіміздің қатерлі дерті болып табылады. Туған тілден безінген азаматтарды көргенде Паустовскийдің «Туған тіліне жаны ашымаған адам жәндік» -деп ашына айтқаны ойға оралады. Елінің болашағын ойлаған әр азамат ана тілінің болашағын да қолынан келген көмегін аямауы тиіс. Өкінішке орай, соңғы кезде көптеген қазақ жастары өз ана тілін бұрмалап сөйлеуді әдетке айналдырған. Ата-ананы қадірлеу қалай керек болса, өз ана тілімізді қадірлеуді, қастерлеуді, аялауды қолға алайық. Төл тілінде сөйлеуден безу - ана сүтін беріп өсірген анаңды ұмытумен бірдей.

Тіл - тәуелсіздіктің айғағы. Тіл мен егемендік егіз ұғым. Тілсіз- тәуелсіздік, егемендіксіз- тіл болмақ емес. Тіл - тәуелсіздіктің қуатты тірегі, бірлік пен ынтымақтың жығылмас туы. Қазақ елі тәуелсіз мемлекет болып орнағалы ширек ғасырға таяу уақыт болды. Мемлекеттік тілі - қазақ тілі деп жарияланды. Бұл тұста Елбасымыз - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақтың болашағы - қазақ тілінде», - деп алдымызға айқын жол ашып берді. Бізге тек осы ұстанымды жүзеге асыруға бар күш-жігерді аямай, еңбек ету ғана қалды. Тәуелсіз Қазақстанның болашағы - біз, яғни, қазақ жастары. Демек, біздің міндетіміз - қазақ тілінің мәртебесін асыру болмақ.

Халықтын тәуелсіздігінің ең басты белгісі - оның ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел ешқашан да егеменді ел бола алмайды, болуы мүмкін емес. «Тіл туралы» Заңның 4-бабында: «Қазақстан халқын топтастырудыңаса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы» деп жазылған. Үкімет, өзге де мемлекеттік, жергілікті, өкілді және атқарушы органдар Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға міндетті» - делінген. Мемлекеттің саясаты - тіл саясаты қағидасын тәжірибеге берік ендіру, алға басуға ұмтылу. Осы орайда, Департаментімізде көптеген шаралар өз бастамасын табуда. Атап айтсақ, қазақ тілін оқып-үйрену бойынша үгіт-насихат жұмыстары, семинарлар мен дәрістер өткізіледі. Осы іспеттес жұмыстар аудандық басқармаларда да жүргізілуде. Елбасымыз айтқандай, Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде.

 «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», - дейді Қадыр ақын. Қазіргі қоғам басқа тілді үйренуге еш шек қоймайды. Дегенмен, қазақ тілін мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеруге әр қазақтың үлесі болса екен дейді. Ұлттың болашағына, оның өзіндік «Мен» дегізерлік қасиеттерін сақтау мүмкіндіктеріне сеніммен қарау құр қиялдың жемісі емес. Мен де елімнің жырын, тілімнің мұңын Әбілқайырша айтқанда: «Жайықтың табанында бір тамшы су қалмағанынша, Қазақтың тамырында бір тамшы қан қалмағанынша» жырлап өтемін.

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы Каримгалиев Е.М.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.