Мыңнан аса зияткер домбырашылар флешмобын өткізді
Қазақстанның барлық қалаларында ҚР Тұңғыш Президенті мерекесіне орай Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары «Ұлы дала мұрагерлері» атты домбырашылар флешмобын ұйымдастырды. Еліміздің түкпір-түкпірінде бір мезетте мыңнан аса домбырашы қазақ күйлерін орындаған болатын.
Мысалы, елордадағы Халықаралық мектептің оқушылары Құрманғазының «Адай», «Балбырауын» және халық күйлері «Тепең көк» пен «Келіншекті» ойнады.
– «Ұлы Дала мұрагерлері» флешмобы жыл сайын барша зияткер оқушы мен ұстаз домбырашылардың басын қосып келе жатыр. Жылда қаланың ірі ойын-сауық орталықтарында өтетін шара биыл пандемияға байланысты мектеп қабырғасында өтті. Шара оқушылардың ұлттық дәстүрі мен музыкасына, оның ішінде көнеден келе жатқан серігіміз – домбыраға деген айрықша ілтипаты. Көппен бірге, ансамбльде күй ойнау – бірлік пен ынтымақтастыққа тәрбиелейтінін де айту керек, – деп бөлісті мектептегі домбыра үйірмесінің жетекшісі Қазбек Атамбаев.
Қазақтың қара домбырасы мен күйлерін насихаттауды мақсат еткен шара осымен жетінші жыл қатарынан өткізіліп келеді.
[xfvalue_img]